Уақытша IP мекенжай қара тізімі

Белгілі бір уақыт кезеңінде байланысты блоктау мақсатында шабуыл көзі ретінде анықталған және қара тізімге қосылған IP мекенжайларын көру үшін, ESET Endpoint Security ішінен Орнату > Желіні қорғау > Уақытша IP мекенжайларының қара тізімі тармағына өтіңіз. Уақытша блокталған IP мекенжайлары 1 сағатқа блокталады.

Бағандар

IP мекенжайы - блокталған IP мекенжайын көрсетеді.

Блоктау себебі - мекенжайдан тыйым салынған шабуыл түрін көрсетеді (мысалы, TCP портын қарап шығу шабуылы).

Уақыт бітті - мекенжайдың қара тізімдегі аяқталу уақыты мен күнін көрсетеді.

Басқару элементтері

Жою - мерзімі аяқталғанша мекенжайды қара тізімнен жою үшін басыңыз.

Барлығын жою - барлық мекенжайларды қара тізімнен бірден жою үшін басыңыз.

Қиыс жағдай қосу — IDS сүзгілеуіне брандмауэр ерекшелігін қосу үшін басыңыз.