Аймақтарды конфигурациялау

Аймақ дегеніміз IP мекенжайларының бір логикалық тобын жасайтын, бірнеше ережеде бірдей мекенжайлар жиынын қайта пайдалану қажет болғанда пайдалы желілік мекенжайлар жиынтығын білдіреді. Бұл топтағы әр мекенжайға бүкіл топ үшін ортақ анықталған ұқсас ережелер тағайындалады. Мұндай топтың мысалы — Сенімді аймақ. Сенімді аймақ дегеніміз брандмауэр мүлде блоктамайтын желілік мекенжайлардың тобын білдіреді. Бұл аймақтарды Кеңейтілген орнату > Желіні қорғау> Брандмауэр > Кеңейтілген тармағында Аймақтар жанындағы Өңдеу опциясын басу арқылы конфигурациялауға болады. Жаңа аймақты қосу үшін Қосу опциясын басыңыз, аймаққа Атау, Сипаттама енгізіңіз және қашықтағы IP мекенжайын Қашықтағы компьютердің мекенжайы (IPv4/IPv6, ауқым, бүркеніш) өрісіне енгізіңіз. Сонымен қатар Брандмауэр аймақтары бөлімін қараңыз.