Брандмауэр ережелерін қосу не өңдеу

Қадағаланатын параметрлердің кез келгені өзгертілген сайын өзгерту қажет болады. Ереже шарттарды орындай алмайтындай өзгертулер жасалса және көрсетілген әрекетті қолдану мүмкін емес болса, қосылымнан бас тартылуы мүмкін. Бұл ереже әсер ететін қолданба жұмысындағы мәселелерге әкелуі мүмкін. Бұған мысал – қашықтағы жақтың желілік мекенжайының немесе порт нөмірінің өзгеруі.


note

ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін:

ESET Endpoint Security ішінде брандмауэр ережелерін жасау не өңдеу

ESET Security Management Center ішінде клиенттік жұмыс станциялары үшін брандмауэр ережелерін жасау не өңдеу

Терезенің жоғарғы бөлігінде үш қойынды бар:

Жалпы – ереже атауын, қосылым бағытын, әрекетті (Рұқсат ету, Тыйым салу, Сұрау), протоколды және ереже қолданылатын профильді көрсетіңіз.

Жергілікті – Қосылымның жергілікті тарапы туралы ақпаратты, соның ішінде, жергілікті порттың нөмірін немесе порт ауқымын және байланысып жатқан қолданбаның атауын көрсетеді. Сондай-ақ, Қосу түймесін басу арқылы осында IP мекенжайларының ауқымы бар алдын ала анықталған немесе жасалған аймақты қосуға мүмкіндік береді.

Қашықтағы – Бұл қойындыда қашықтағы порт (порт ауқымы) туралы ақпарат бар. Ол сізге берілген ереже үшін қашықтағы IP мекенжайларының немесе аймақтардың тізімін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қосу түймесін басу арқылы осында IP мекенжайларының ауқымы бар алдын ала анықталған немесе жасалған аймақты қосуға болады.

Жаңа ережені жасап жатқанда ереже атауын Аты өрісіне енгізуіңіз керек. Ереже қолданылатын бағытты Бағыт ашылмалы мәзірінен және байланыс ережеге сай болғанда орындалатын әрекетті Әрекет ашылмалы мәзірінен таңдаңыз.

Протокол ережеге тасымалдау протоколын береді. Ашылмалы мәзірдегі нақты ереже үшін пайдаланылатын протоколды таңдаңыз.

ICMP түрі/коды санмен анықталған ICMP хабарын білдіреді (мысалы; 0 «Echo Reply» дегенді білдіреді).

Әдепкі бойынша, Кез келген профиль үшін барлық ережелер қосылған. Я болмаса, Профильдер ашылмалы мәзірін пайдаланып теңшелетін брандмауэр профилін таңдаңыз.

Журнал жүргізу қатаңдығы параметрін қоссаңыз, ережемен байланысты әрекет журналға жазылады. Пайдаланушыға хабарлау опциясы ереже қолданылғанда хабарландыруды көрсетеді.

DIALOG_EPFW_RULE_CREATE_GENERAL


note

Ескерту күйі бар брандмауэр журналдарын ESET Security Management Center жинай алады.


example

Firefox веб-браузер қолданбасының Internet/жергілікті желі веб-сайттарына кіруіне рұқсат етудің жаңа ережесі жасалады. Бұл мысалда мынаны конфигурациялау керек:

1.Жалпы қойындысында «TCP» және «UDP» протоколы арқылы шығыс байланысты қосыңыз.

2.Жергілікті қойыншасын басыңыз.

3.... (мысалы, C:\Program Files\Firefox\Firefox.exe) басып пайдаланылатын веб-браузердің файл жолын таңдаңыз. Қолданба атауын ЕНГІЗБЕҢІЗ.

4.Қашықтағы қойыншасында стандартты Интернет шолуына рұқсат ету қажет болған кезде 80 және 443 порт нөмірлерін қосыңыз.


note

Алдын ала анықталған ережелерді шектеулі түрде өзгертуге болатынын ескеріңіз.