Жаңарту айнасы
ESET Endpoint Security сізге желідегі басқа жұмыс станцияларды жаңарту үшін пайдалануға болатын жаңарту файлдарының көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді. «Айнаны», яғни жаңарту файлдарының көшірмесін жергілікті желі ортасында жасау ыңғайлы, өйткені жаңарту файлдарын жеткізушінің жаңарту серверінен әр жұмыс станциясы арқылы қайталап жүктеу қажет емес. Жаңартулар жергілікті айна серверіне жүктеледі, содан кейін барлық жұмыс станцияларына таратылады, осылайша ықтимал желі трафигінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермейді. Клиенттік жұмыс станцияларын айнадан жаңарту желінің жүктеу теңдестігін оңтайландырады және интернетке қосылу тармақтарын сақтайды.
ESET PROTECT көптеген клиенттерді басқару үшін пайдаланылатын желілердегі интернет трафигін барынша азайту үшін клиентті айна ретінде конфигурациялауды емес, Apache HTTP проксиін пайдалануды ұсынамыз. Apache HTTP проксиін барлық орнатқыш немесе оқшау құрамдас ретінде ESET PROTECT көмегімен орнатуға болады. Apache HTTP проксиі, айна құралы және тікелей қосылым мүмкіндігі арасындағы қосымша ақпарат пен айырмашылықтар бойынша ESET PROTECT онлайн анықтама бетінқараңыз. |
Жергілікті айна серверінің конфигурация опциялары Жаңарту опциясындағы «Кеңейтілген орнату» ішінде орналасқан. Бұл бөлімге қатынасу үшін F5 пернесін басып «Кеңейтілген орнату» опциясына кіріңіз, Жаңарту > Профильдер тармағын басыңыз және Жаңарту айнасы қойыншасын таңдаңыз.
Клиенттік жұмыс станциясында айнаны жасау үшін Жаңарту айнасын жасау параметрін қосыңыз. Бұл опцияны қосу басқа айна конфигурациясы опцияларын іске қосады, мысалы, жаңарту файлдарына қатынасу жолы және айна файлдардың жаңарту жолы.
Жаңарту файлдарына қатынасу
HTTP серверін қосу — Егер қосулы болса, жаңарту файлдарына HTTP арқылы қатынасуға болады, тіркелгі деректері қажет болмайды.
Айна серверіне қатынасу әдістері Айнадан жаңарту бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталады. Айнаға қатынасудың екі негізгі әдісі бар — жаңарту файлдары бар қалтаны ортақ желілік қалта ретінде көрсетуге болады немесе клиенттер HTTP серверінде орналасқан айнаға қатынасуға болады.
Айна үшін жаңарту файлдарын сақтауға арналған қалта Айна файлдар сақталатын қалта бөлімінде анықталады. Басқа қалтаны таңдау үшін Тазалау пәрменін баысп, алдын ала анықталған қалтаны C:\ProgramData\ESET\ESET Endpoint Security\mirror жойыңыз және жергілікті компьютерде немесе ортақ желілік қалтада қалтаға өту үшін Өңдеу пәрменін басыңыз. Егер көрсетілген қалта үшін түпнұсқалықты растау қажет болса, Пайдаланушы аты және Құпия сөз өрістерінде түпнұсқалықты растау деректерін енгізу керек. Егер таңдалған мақсатты қалта Windows NT/2000/XP амалдық жүйесі орнатылған желілік дискіде орналасқан болса, көрсетілген пайдаланушы аты мен құпия сөз таңдалған қалталар үшін артықшылықтарға ие болуы тиіс. Пайдаланушы аты мен құпия сөзді Домен/пайдаланушы немесе Жұмыс тобы/пайдаланушы пішімінде енгізу керек. Сәйкес құпиясөзді енгізуді ұмытпаңыз.
Бағдарлама компоненттерін жаңарту
Файлдар – айнаны теңшеп жатқанда жүктеу керек жаңартулардың тіл нұсқаларын көрсетуге болады. Тадңлағна тілдерді пайдаланушы теңшеген айна сервері қолдауы керек.
Компоненттерді автоматты түрде жаңарту – жаңа мүмкіндіктерді және бар мүмкіндіктердің жаңартуларын орнатуға мүмкіндік береді. Жаңарту пайдаланушының араласуынсыз автоматты түрде орындалады немесе хабарландырылуды таңдауыңызға болады. Бағдарлама компонентін жаңарту орнатылғаннан кейін компьютерді қайта іске қосу қажет болуы мүмкін.
Компоненттерді қазір жаңарту – бағдарлама компоненттерін соңғы нұсқаға жаңартады.