Құжатты қорғау

Құжатты қорғау мүмкіндігі ашу алдында Microsoft Office құжаттарын, сонымен бірге, Microsoft ActiveX элементтері сияқты Internet Explorer бағдарламасы автоматты түрде жүктеген файлдарды қарап шығады. Құжатты қорғау Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғауға қосымша қорғаныс қабатын қамтамасыз етеді және оны Microsoft Office құжаттарының көп санын өңдемейтін жүйеде өнімділікті жақсарту үшін өшіруге болады.

Құжатты қорғауды іске қосу үшін, Кеңейтілген орнату терезесі (F5 пернесін басыңыз) > Анықтау механизмі > Зиянды бағдарламаларды қарап шығу > Құжатты қорғау тармағын ашыңыз және Құжатты қорғауды қосу қосқышын басыңыз.


note

Бұл мүмкіндікті Microsoft Antivirus API (мысалы, Microsoft Office 2000 және одан кейінгі нұсқалар немесе Microsoft Internet Explorer 5.0 және одан кейінгі нұсқалар) пайдаланатын қолданбалар іске қосады.