Растау хабарлары
Растау хабарларын реттеу үшін, ESET Endpoint Security Кеңейтілген орнату тармағының Пайдаланушы интерфейсі > Ескертулер мен хабар жолақтары > Растау хабарлары тармағына өтіңіз және Өңдеу опциясын басыңыз.
Бұл диалогтық терезеде кез келген әрекет орындалмай тұрып ESET Endpoint Security көрсететін растау хабарлары көрсетіледі. Рұқсат ету немесе өшіру үшін әр растау хабарының жанындағы құсбелгіні таңдаңыз немесе алыңыз.
Растау хабарларына қатысты арнайы мүмкіндіктер туралы толығырақ біліңіз:
•ESET SysInspector жұрналдарын жою алдында сұрау
•ESET SysInspector жұрналдарының барлығын жою алдында сұрау
•Нысанды карантиннен жою алдында сұрау
•Кеңейтілген орнатудағы параметрлерді алып тастаудан бұрын сұрау
•Барлық табылған қауіптерді ескерту терезесінен тазаланбаған күйде қалдыру алдында сұрау
•Жазбаны журналдан жоюдың алдында сұрау
•Жоспарланған тапсырманы жоспарлағыштан жоюдың алдында сұрау
•Барлық журнал жазбаларын жоюдың алдында сұрау
•Статистиканы қалпына келтірместен бұрын сұрау
•Нысанды карантиннен қалпына келтірудің алдында сұрау
•Нысандарды карантиннен қалпына келтіру және қарап шығуға қоспаудың алдында сұрау
•Жоспарланған тапсырманы жоспарлағышта іске қосудың алдында сұрау
•Антиспамның өңдеу нәтижесі туралы хабарландыруларын көрсету
•Электрондық пошта клиенті үшін Антиспамның өңдеу нәтижесі туралы хабарландыруларын көрсету
•Windows Live Mail үшін өнімнің растау диалогтық терезелерін көрсету
•Outlook электрондық пошта клиенті үшін өнімнің растау диалогтық терезелерін көрсету