Апта сайын компьютерді қарап шығуды жоспарлау әдісі
Тұрақты тапсырманы жоспарлау үшін, бағдарламаның негізгі терезесін ашыңыз және Құралдар > Жоспарлағыш тармағын басыңыз. Төменде жергілікті дискілерді әр апта қарап шығатын тапсырманы жоспарлау әдісі туралы қысқаша нұсқаулық берілген. Толығырақ нұсқаулар бойынша Білім қоры мақаласын қараңыз.
Қарап шығу тапсырмасын жоспарлау үшін:
1.Жоспарлағыштың негізгі терезесіндегі Қосу түймешігін басыңыз.
2.Ашылмалы мәзірде Шығу тармағын таңдаңыз.
3.Тапсырма атауын енгізіп, Тапсырманың апта сайынғы жиілігі параметрін таңдаңыз.
4.Тапсырма орындалатын күн мен уақытты орнатыңыз.
5.Жоспарланған тапсырма кез келген себеппен іске қосылмаса (мысалы, компьютер өшірілген болса), тапсырманы кейінірек орындау үшін Тапсырманы мүмкіндігінше тез орындау параметрін таңдаңыз.
6.Жоспарланған тапсырманың қорытындысын қарап шығып, Дайын түймешігін басыңыз.
7.Мақсаттар ашылмалы мәзірінен Жергілікті дискілер опциясын таңдаңыз.
8.Тапсырманы қолдану үшін Дайын түймешігін басыңыз.