Интернеттен белгілі бір файл түрлерінің жүктеп алуын блоктау әдісі

Егер Интернеттен белгілі бір файл түрлерінің (мысалы, exe, pdf немесе zip) жүктеп алуына рұқсат еткіңіз келмесе, қойылмалы таңбалар тіркесімімен URL мекенжайларын басқару пәрменін пайдаланыңыз. Кеңейтілген орнату ішіне қатынасу үшін F5 пернесін басыңыз. Веб және электрондық пошта > Вебке қатынасуды қорғау тармағын басыңыз және URL мекенжайларын басқару пәрменін кеңейтіңіз. Мекенжайлар тізімі жанындағы Өңдеу пәрменін таңдаңыз.

Мекенжайлар тізімі терезесінде Блокталған мекенжайлар тізімі опциясын таңдаңыз және Өңдеу опциясын таңдаңыз немесе жаңа тізім жасау үшін Қосу опциясын басыңыз. Жаңа терезе ашылады. Егер жаңа тізім жасап жатсаңыз, Мекенжайлар тізімінің түрі ашылмалы мәзірінен Блокталған опциясын таңдаңыз және тізімге ат қойыңыз. Егер ағымдағы тізімнен файл түріне қатынасқан кезде хабарландыру алғыңыз келсе, Қолданған кезде хабарлау жүгірткі тақтасын қосыңыз. Ашылмалы мәзірден Журнал жүргізу қатаңдығы опциясын таңдаңыз. Қашықтағы әкімші Ескерту сөзі бар жазбаларды жинай алады.

CONFIG_EPFW_BLOCK_FILE_DWNL

Жүктеп алуын блоктау қажет файл түрлерін көрсететін бүркенішті енгізу үшін Қосу пәрменін таңдаңыз. Егер белгілі бір веб-сайттан, мысалы, http://example.com/file.exe, белгілі бір файлдың жүктеп алуын блоктағыңыз келсе, URL мекенжайын толық енгізіңіз. Бір топ файлдарды қамту үшін қойылмалы таңбаларды пайдалануға болады. Сұрақ белгісі (?) бір айнымалы таңбаны, ал жұлдызша (*) нөл немесе одан көп таңбадан тұратын айнымалы жолды білдіреді. Мысалы, */*.zip бүркеніші жүктеп алынатын барлық қысылған файлдарды блоктайды.

Файл кеңейтімі файлдың URL мекенжайының бөлігі болған кезде ғана осы әдіспен белгілі бір файл түрлерін жүктеп алуды блоктауға болатынын ескеріңіз. Егер веб-бетте файлды жүктеп алудың URL мекенжайлары пайдаланылса, мысалы, www.example.com/download.php?fileid=42, осы сілтемеде орналасқан кез келген файл тіпті блокталған кеңейтімі болған кезде жүктеліп алынады.