Веб басқару ережелерін қосу
«Веб басқару ережелері» терезесі - бар «Веб басқару сүзгі» ережесін қолмен өзгертуге немесе жасауға мүмкіндік береді.
Атау
Анықтауды жақсарту үшін Аты өрісіне ереже сипаттамасын енгізіңіз.
Қосылған
Ережені өшіру немесе қосу үшін Қосылған ауыстырып-қосқышын басыңыз; бұл ережені біржола жойғыңыз келмегенде пайдалы болуы мүмкін.
Әрекет
URL мекенжайы негізіндегі әрекет немесе Санат негізіндегі әрекет арасында таңдаңыз:
Мына аралықта қолдану
Жасалған ережені белгілі бір уақыт ішінде қолдануға мүмкіндік береді. Мына аралықта қолдану ашылмалы мәзірінен жасалған уақыт аралығын таңдаңыз. Уақыт аралықтары туралы қосымша ақпарат
Қатынасу құқықтары
- Рұқсат беру — URL мекенжайына/санатына қатынасуға рұқсат етіледі.
- Блоктау — URL мекенжайына/санатына қатынасуды блоктайды. Алдыңғы веб-сайтқа оралу үшін Артқа түймешігін басуға болады.
- Ескерту — URL мекенжайына/санатына қатынасуды блоктайды. Алдыңғы веб-сайтқа оралу үшін Артқа түймешігін басуға немесе веб-сайтқа кіру үшін Жалғастыру түймешігін басуға болады. Егер Жалғастыру түймешігін бассаңыз, келесі рет веб-сайтқа кіргенде блоктау беті көрсетілмейді.
- Әрқашан ескерту — URL мекенжайына/санатына қатынасуды блоктайды. Алдыңғы веб-сайтқа оралу үшін Артқа түймешігін басуға немесе веб-сайтқа кіру үшін Жалғастыру түймешігін басуға болады. Блоктау беті веб-сайтқа кірген сайын көрсетіледі.
Тіркеу қатаңдығы
- Жөндеу: бағдарламаны дәл реттеу үшін қажет ақпаратты журналға тіркейді.
- Ақпарат: ақпараттық хабарларды, соның ішінде сәтті жаңарту хабарларын, сондай-ақ жоғарыдағы барлық жазбаны жазады.
- Ескерту – маңызды қателерді және ескерту хабарларын жазады.
Журнал жүргізу қатаңдығын әрбір тізім үшін бөлек конфигурациялауға болады. Ескерту күйі бар журналдарды ESET PROTECT On-Prem жинауы мүмкін. |
Пайдаланушылар тізімі
- Қосу – қажет пайдаланушыларды таңдауға мүмкіндік беретін Пайдаланушыларды немесе топтарды таңдау диалогтық терезесін ашады. Пайдаланушы енгізілмеген болса, ереже барлық пайдаланушыларға қолданылады.
- Жою – таңдалған пайдаланушыны сүзгіден жояды.