Ең соңғы нұсқасына дейін жаңарту
Жақсартуларды енгізу немесе бағдарлама модульдерін автоматты түрде жаңарту арқылы түзету мүмкін емес мәселелерді шешу үшін ESET Endpoint Security қолданбасының жаңа нұсқалары шығарылады.
Операциялық жүйеге қолдау көрсетілсе, оған ESET Endpoint Security орнату алдында ең соңғы жаңартулар орнатылғанын тексеріңіз. Windows-ты жаңарту немесе қайта іске қосу кезекте тұрған кезде, орында деңгейді көтеруге әрекет жасасаңыз, бар ESET Endpoint Security нұсқасы дұрыс жойылмауы мүмкін. Содан кейін ескі ESET Endpoint Security нұсқасын қолмен өшірсеңіз, мәселелер туындауы мүмкін. |
Ең соңғы нұсқаға жаңартуды бірнеше жолмен орындауға болады:
- Автоматты түрде, ESET PROTECT On-Prem немесе ESET PROTECT арқылы.
- Автоматты түрде, GPO немесе SCCM арқылы.
- Автоматты түрде, бағдарлама жаңартуы арқылы.
Бағдарлама жаңартуы барлық пайдаланушыға таратылатындықтан және белгілі бір жүйе конфигурацияларына әсер ете алатындықтан, ол барлық ықтимал жүйе конфигурациясымен функционалдылықты қамтамасыз ету үшін ұзақ сынақ кезеңінен кейін шығарылады. Егер жаңарақ нұсқаға шығарылғаннан кейін дереу өту керек болса, төменде кқрсетілген әдістердің біреуін пайдаланыңыз.
Кеңейтілген орнату > Жаңарту > Профильдер > Бағдарлама құрамдасын жаңарту тармағында Өнімді жаңартулар опциясының қосылғанына көз жеткізіңіз. - Қолмен, ең соңғы нұсқаны жүктеп алу және алдыңғысының үстінен орнату арқылы.
Ұсынылған жаңарту сценарийлері
ESET өнімдерін қашықтан басқарамын не басқарғым келеді
Егер 10 астам ESET Endpoint өнімін басқарсаңыз, жаңартуды ESET PROTECT On-Prem немесе ESET PROTECT арқылы орындауды қарастырыңыз. Келесі құжаттаманы қараңыз:
- ESET PROTECT On-Prem | ESET бағдарламалық құралын клиент тапсырмасы арқылы жаңарту
- ESET PROTECT Бағдарламасына кіріспе
Клиенттік жұмыс станциясында қолмен жаңарту
Клиенттің жекелеген жұмыс станцияларында ESET Endpoint Security қолмен жаңарту үшін:
- Қазір орнатылған нұсқаға қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
- Операциялық жүйеңізге қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
«Мерзімнің соңы» қолдау деңгейі бар нұсқалар үшін алдыңғы нұсқасының соңғы нұсқасынан сәтті орнатылуына кепілдік берілмейді. ESET Endpoint Security қолдау деңгейіңіздіқарап шығу үшін Мерзімнің соңына қатысты саясат бөлімін қараңыз. Қолдау көрсетілмейтін нұсқалардан жаңарту үшін алдыменESET Endpoint Security жойыңыз. ESET Endpoint Security Өнімін клиент жұмыс станциясында жаңарту туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі ESET Білім қоры мақаласын оқыңыз. |