ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Айна жаңарту ақаулықтарын жою

Көбінесе айна серверден жаңарту кезіндегі қиындықтар мына мәселелердің бірі не бірнешеуі себепті туындайды: Айна қалта параметрлерін дұрыс сипаттамау, Айна қалтадағы дұрыс емес түпнұсқалық растама деректері, айна файлдарды айнадан жүктейтін жергілікті жұмыс стансалардағы дұрыс емес конфигурация немесе жоғарыдағы себептердің тіркесімі. Төменде Айнадан жаңарту кезінде келіп шығуы мүмкін өте жиі кездесетін ақаулықтардың қысқаша сипаттамасы ұсынылады:

ESET Endpoint SecurityАйна серверге қосылуға қатысты қате туралы есеп береді – жергілікті жұмыс стансалары жаңартуларды жүктеп алатын жаңарту серверінің (айна қалтадағы желінің жолы) қате сипаттамасы себеп болатын сияқты. Қалтаны тексеру үшін Windows Бастау мәзірін, Іске қосу түймесін басып, қалта атын енгізіңіз де, OK түймесін басыңыз. Қалтаның мазмұны көрсетілуі керек.

ESET Endpoint Security пайдаланушы аты мен құпиясөзді қажет етеді – Жаңарту бөлімінде қате түпнұсқалық растама деректерімен (пайдаланушы аты және құпиясөз) туындайтынға ұқсайды. Пайдаланушы аты мен құпиясөз бағдарлама өзін жаңартатын жаңарту серверіне қатынастыру үшін пайдаланылады. Түпнұсқалық растама деректерінің дұрыс екеніне және дұрыс пішімде енгізілгеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, Домен/Пайдаланушы аты немесе Жұмыс тобы/Пайдаланушы аты, сонымен қатар, сәйкес құпиясөздер. Егер Айна сервер «Барлығына» қолжетімді болса да, кез келген пайдаланушының кіруіне рұқсат берілмейтінін ұмытпаңыз. «Барлығы» қандай да бір авторизацияланбаған пайдаланушыны білдірмейді, ол қалтаның барлық домен пайдаланушыларына қолжетімді екінін білдіреді. Нәтижесінде қалта «Барлығына» қолжетімді болса, домен пайдаланушысының аты мен құпиясөз жаңарту параметрлері бөлімінде бәрібір енгізілуі керек.

ESET Endpoint Security Айна серверге қосылуға қатысты қате туралы есеп береді – айнаның HTTP нұсқасына қатынасу үшін анықталған порттағы байланыс бұғатталған.

ESET Endpoint Security жаңарту файлдарын жүктеп алған кезде қатені хабарлайды – Жергілікті жұмыс станциялары жаңартуларды жүктеп алатын жаңарту серверінің сипаттамасы (Айна қалтасына желі жолы) дұрыс болмауына байланысты болуы ықтимал.