ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Жүйе талаптары

ESET Endpoint Security бағдарламасы біркелкі әрекет етуі үшін жүйенің аппараттық құралдары мен бағдарламалық құралдары мына талаптарға сай болуы керек (әдепкі өнім параметрлері):

Қолдау көрсетілетін процессорлар

Intel немесе AMD процессоры, 32 битті (x86) SSE2 пәрмендер жиынтығымен немесе 64 битті (x64), 1 Ггц не одан жоғары
ARM64 негізіндегі процессор, 1 ГГц және одан жоғары

Операциялық жүйелер

Microsoft® Windows® 11

Microsoft® Windows® 10


note

Қолдау көрсетілетін Microsoft® Windows® 10 және Microsoft® Windows® 11 нұсқалардың егжей-тегжейлі тізімін Windows Операциялық жүйесін қолдау саясаты бөлімінен қараңыз.


important

Операциялық жүйені үнемі жаңартып тұрыңыз.


important

Azure кодына қол қоюға қолдау көрсететін бағдарлама 2023 жылдың шілдесінен кейін шығарылған ESET өнімдерін орнату немесе жаңарту үшін барлық Windows операциялық жүйелерінде орнатылуы тиіс. Қосымша ақпарат.

ESET Endpoint Security мүмкіндіктерге қойылатын талаптар

Төмендегі кестеден нақты ESET Endpoint Security мүмкіндіктеріне қатысты жүйелік талаптарды қараңыз:

Мүмкіндік

Талаптар

Intel® Threat Detection Technology

Сіз Қолдау көрсетілетін процессорларды қараңыз.

Қорғалған браузер

Қолдау көрсетілетін веб-браузерлерді қараңыз.

Арнайы тазалағыш

ARM64 негізіндегі процессор емес.

Бүлдіруді блоктаушы

ARM64 негізіндегі процессор емес.

Терең әрекеттік тексеру

ARM64 негізіндегі процессор емес.


note

ESET PROTECT On-Prem қызметінде жасалған ESET Endpoint Security орнатқышы Виртуалды жұмыс үстелдеріне арналған Windows 10 Enterprise және Windows 10 көп сеанстық режиміне қолдау көрсетеді.

Басқа

  • Операциялық жүйенің және компьютерде орнатылған басқа бағдарламалық құралдардың жүйелік талаптары орындалған
  • 0,3 ГБ бос жүйелік жад (1-ескертпені қараңыз)
  • 1 ГБ дискідегі бос орын (2-ескертпені қараңыз)
  • Дисплейдің ең төменгі ажыратымдылығы: 1024 х 768
  • Өнім жаңартуларының көзіне (3-ескертпені қараңыз) Интернет байланысы немесе жергілікті желі байланысы
  • Бір құрылғыда бір уақытта жұмыс істейтін екі антивирустық бағдарлама жүйелік ресурстың қайшылықтарын тудырады, мысалы, жұмыс істеуіне жол бермейтін жүйе жұмысының баяулауы

Өнімді осы талаптарға сәйкес келмейтін жүйелерге орнату және іске қосу мүмкін болғанымен, біз өнімділік талаптарына сүйене отырып, пайдалану қолайлылығын алдын ала сынауды ұсынамыз.


note

(1): Қатты вирус жұққан компьютерде жад басқалай пайдаланылмаса немесе өнімге деректердің үлкен тізімдері импортталып жатса (мысалы, URL мекенжайларының ақ тізімдері), өнім көбірек жад пайдалануы мүмкін.
(2) Орнатқышты жүктеу, өнімді орнату, орнату бумасының көшірмесін бағдарлама деректерінде сақтау және кері қайтару мүмкіндігін қолдау мақсатында өнім жаңартуының резервтік көшірмелерін сақтау үшін дискіде бос орын болуы қажет. Өнім әр түрлі жағадайларда (мысалы, өнім жаңартуларының сақтық көшірмелерінің көбірек нұсқалары, жад дамптары немесе журнал жазбаларының үлкен көлемдері сақталады) немесе вирустар жұққан компьютерде (мысалы, карантин мүмкіндігіне байланысты) дискіде көбірек бос орын пайдалануы мүмкін. Біз операциялық жүйені және ESET өнім жаңартуларын қолдау үшін дискіде жеткілікті бос орын қалдыруды ұсынамыз.
(3) Ол ұсынбаса да, өнімді алынбалы жад құралынан қолмен жаңартуға болады.