ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Алдын алу

Компьютерді пайдаланып жатқан кезде, әсіресе Интернетті шолғанда ешқандай антивирус жүйесі анықталған элементтер және қашықтағы шабуылдар қаупін толығымен жоя алмайтынын есте ұстаңыз. Қорғаныс пен қолайлылықты барынша жақсарту үшін антивирус шешімін дұрыс пайдаланып, бірнеше пайдалы ережені ұстануыңыз керек:

Тұрақты түрде жаңарту

ESET LiveGrid® Статистикасына сәйкес, мыңдаған жаңа, бірегей инфильтрациялар қолданыстағы қауіпсіздік шараларын айналып өтіп, авторларға пайда әкелу үшін барлығы пайдаланушылардың есебінен жасалады. ESET компаниясындағы Вирус зертханасының мамандары осы қауіптерді күн сайын талдап, пайдаланушыларымызға қорғау деңгейін үзіліссіз жақсартып отыру үшін жаңартуларды дайындап шығарады. Осы жаңартулардың ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңартулар жүйеде дұрыс конфигурациялануы керек. Жаңартуларды конфигурациялау әдістері туралы толық ақпарат алу үшін Жаңарту параметрлері тармағын қараңыз.

Қауіпсіздік түзетулерін жүктеу

Зиянды бағдарламалық құралдың авторлары зиянды кодтың таралу тиімділігін арттыру үшін жүйенің осал тұстарын жиі қолданады. Сол себептен, бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік жаңартуларын жасап шығару үшін бағдарламаларынан кез келген осал тұстарын мұқият бақылап, ықтимал қауіптерді тұрақты түрде жойып отырады. Бұл қауіпсіздік жаңартуларын шығысымен жүктеп алу маңызды. Microsoft Windows және Microsoft Edge секілді веб-шолғыштар тұрақты кезеңде шығатын қауіпсіз жаңартуларына арналған екі үлгі болып табылады.

Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасау

Зиянды бағдарламаларды жасаушылар әдетте пайдаланушылардың қажеттіліктеріне қам жемейді, ал зиянды бағдарлама белсенділігі көбінесе жалпы операциялық жүйенің ақаулығына және маңызды деректердің жоғалуына әкеледі. Деректердің DVD сияқты сыртқы құралда немесе сыртқы қатты дискіде сақтық көшірмесін үнемі жасап отыру өте маңызды. Бұл жүйеде ақау болған кезде деректерді жеңілірек әрі жылдамырақ қалпына келтіреді.

Компьютердің вирустарын үнемі қарап шығу

Белгілі және белгісіз вирустарды, құрттарды, троялықтарды және руткиттерді анықтауды файлдық жүйені нақты уақытта қорғау модулі орындайды. Кез келген уақытта файлға кірген не ашқан сайын, онда зиянды бағдарламалардың бар-жоғы қаралады. Біз компьютерді толық қарап шығуды кемінде айына бір рет орындауды ұсынамыз, өйткені зиянкес бағдарламалардың қолтаңбалары өзгеріп отыруы мүмкін және анықтау механизмін өзін күнде жаңартады.

Негізгі қауіпсіздік ережелерін орындау

Бұл әрқашан сақ болудың ең пайдалы әрі тиімді ережесі болып саналады. Бүгінде көптеген инфильтрациялар орындалу және таратылу үшін пайдаланушының араласуын қажет етеді. Егер жаңа файлдар ашудан сақтансаңыз, инфильтрацияларды жоюға жұмсалатын уақыт пен күш-жігеріңізді үнемдейсіз. Мына жерде кейбір пайдалы нұсқаулар бар:

  • Қалқымалы терезелері мен жыпылықтаған жарнамалары көп күдікті веб-тораптарға кірмеңіз.
  • Тегін бағдарламаларды, кодек пакеттерін, т.б. орнатқан кезде сақ болыңыз. Тек қауіпсіз бағдарламаларды пайдаланып, интернеттегі қауіпсіз веб-тораптарқа кіріңіз.
  • Электрондық пошта тіркемелерін, әсіресе көп пайдаланушыға жіберілген хабарлардағылар мен белгісіз жіберушілерден келген хабарлардағы тіркемелерді ашқан кезде сақ болыңыз.
  • Компьютерде күнделікті жұмыс істегенде Әкімшінің есептік жазбасын пайдаланбаңыз.