ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Қауіпсіз режим

Егер ESET Endpoint Security бағдарламасының графиктік интерфейсі қауіпсіз режимде іске қосылған болса, бағдарламаның қауіпсіз режимде іске қосылайын деп жатқаны туралы хабардар ететен диалогтық терезе көрсетіледі. Қауіпсіз режимде барлық бағдарламалардың әрекеті шектеулі болғандықтан, ESET Endpoint Security бағдарламасының графиктік интерфейсін стандартты режимдегідей ашу мүмкін емес.

Көрсетілген терезе компьютерді қарап шығуды іске қосуға мүмкіндік береді. Егер сіздің компьютерде зиянды кодтың бар-жоқтығын тексергіңіз келсе, Иә опциясын таңдаңыз.

Бұл әрекеттен кейін ESET Endpoint Security бағдарламасын орнатқаннан кейінгі әдепкі компьютерді қарап шығу профайлындағыдай параметрлерді пайдаланатын бөлек терезеде қарап шығу іске қосылады.

Диалогтық терезені жабу үшін Жоқ опциясын таңдаңыз; ESET Endpoint Security бағдарламасы ешбір әрекетті орындамайды.