ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Мекенжайлар тізімдері

Сұралмаған электрондық хаттардан қорғану үшін ESET Endpoint Security қолданбасы мекенжайлар тізімдеріндегі электрондық пошта мекенжайларын жіктеуге мүмкіндік береді.

Мекенжайлар тізімдерін өңдеу үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Электрондық пошта клиентін қорғау > Мекенжайлар тізімдерін басқару бөлімін ашып, Пайдаланушы мекенжайларының тізімі немесе Ғаламдық мекенжайлар тізімі жанындағы Өңдеу түймешігін басыңыз.

PANEL_SMON_EDIT_WLBL

Бағандар

Электрондық пошта мекенжайы – Ереже қолданылатын мекенжай.

Атауы – Реттелетін ереже атауы.

Рұқсат ету/Блоктау/Ерекшелік – Электрондық пошта мекенжайы үшін қандай шара қолданылуы керектігін анықтау үшін пайдаланылатын ауыстырып-қосу түймешіктері (шараны тез өзгерту үшін қалаған бағандағы ауыстырып-қосу түймешігін басыңыз):

  • Рұқсат ету – Қауіпсіз деп саналатын және хабарларын алып отырғыңыз келген тұлғалардың мекенжайлары.
  • Блоктау – Қауіпті/спам болып саналатын және хабарларын алғыңыз келмейтін тұлғалардың мекенжайлары.
  • Ерекшелік – Спам емес екені әрқашан тексерілетін және спам жіберу үшін әдейі жасалған болуы мүмкін мекенжайлар.

Ескертпе – Ереженің қалай жасалғаны және оның бүкіл доменге/төменірек деңгейдегі домендерге қатыстылығы туралы ақпарат.

Мекенжайларды басқару

  • Қосу – Жаңа мекенжайға ереже қосу үшін басыңыз.
  • Өңдеу – Бұрыннан бар ережені өңдеу үшін таңдаңыз және басыңыз.
  • Жою – Ережені мекенжайлар тізімінен жойғыңыз келгенде таңдаңыз және басыңыз.