ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

HIPS кеңейтілген орнатуы

Келесі опциялар бағдарламаның әрекетінде ақауларды жою және талдау үшін пайдалы:

Драйверлерді жүктеуге әрқашан рұқсат етіледі – Пайдаланушылық ереже анық түрде блоктаған болмаса, конфигурацияланған сүзу режиміне қарамастан таңдалған драйверлердің жүктелуіне әрқашан рұқсат етіледі.

Барлық блокталған операцияларды тіркеу – барлық блокталған операциялар HIPS журналына жазылады. Бұл мүмкіндікті тек ақауларды жою үшін немесе ESET техникалық қолдау қызметі сұрағанда ғана пайдаланыңыз, өйткені ол үлкен журнал файлын жасап, компьютеріңізді баяулатуы мүмкін.

Іске қосу кезіндегі бағдарламаларда өзгерістер орын алғанда хабарландыру – Бағдарлама іске қосу жүйесінен әр қосылған немесе жойылған кезде жұмыс үстелінде хабарландыру көрсетіледі.