ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Үйрену режимінің параметрлері

Үйрену режимі жүйеде орнатылған әр байланыс үшін ережені автоматты түрде жасайды және сақтайды. Пайдаланушы араласуы қажет емес, өйткені ESET Endpoint Security бағдарламасы ережелерді алдын ала анықталған параметрлерге сай сақтайды.

Бұл режим жүйеге қауіп тудыруы мүмкін және тек брандмауэрды бастапқы конфигурациялау үшін ұсынылады.

Үйрену режимінің параметрлерін белсендіру үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау > Желіге қатынасу қорғанысы > Брандмауэр > Брандмауэр > Сүзу режимі ашылмалы мәзірінен Үйрену тармағын таңдаңыз. Келесі опцияларды конфигурациялау үшін Үйрену режимінің параметрлері жанындағы Өңдеу түймешігін басыңыз:


warning

Үйрену режимінде болғанда брандмауэр байланысты сүзбейді. Барлық шығыс және кіріс байланыстарға рұқсат етіледі. Бұл режимде компьютеріңіз брандмауэр арқылы толығымен қорғалмайды.

icon_section Сенімді аймақтан келетін кіріс трафик – Сенімді аймақтағы кіріс қосылымның мысалы: компьютеріңізде жұмыс істеп тұрған жергілікті қолданбамен байланыс орнатуға тырысып жатқан сенімді аймақта орналасқан қашықтағы құрылғы.

icon_section Сенімді аймаққа өтетін шығыс трафик – Жергілікті желідегі немесе сенімді аймақтағы желі ішіндегі басқа бір құрылғымен байланыс орнатуға тырысып жатқан жергілікті қолданба.

icon_section Кіріс интернет трафигі – Компьютеріңіздегі бір қолданбамен байланыс орнатуға тырысып жатқан қашықтағы құрылғы.

icon_section Шығыс интернет трафигі – басқа бір құрылғымен байланыс орнатуға тырысып жатқан жергілікті қолданба.

Әр бөлім жаңадан жасалған ережелерге қосылатын параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді:

Жергілікті портты қосу – Желілік байланыстың жергілікті порттар санын қамтиды. Шығыс байланыстар үшін әдетте кездейсоқ нөмірлер жасалады. Осы себепті кіріс байланыстар үшін осы параметрді қосуды ұсынамыз.

Бағдарламаны қосу – Жергілікті бағдарламаның атауын қамтиды. Бұл опция болашақ бағдарлама деңгейіндегі ережелер (бүкіл бағдарлама үшін байланысты анықтайтын ережелер) үшін қолайлы. Мысалы, байланысты тек веб-браузер немесе электрондық пошта клиенті үшін қоса аласыз.

Қашықтағы портты қосу – Желілік байланыстың қашықтағы порт нөмірін қамтиды. Мысалы, стандартты порт нөмірімен (HTTP – 80, POP3 – 110, т.б.) байланыстырылған арнайы қызметке рұқсат етуіңізге немесе одан бас тартуыңызға болады.

Қашықтағы IP мекенжайын / сенімді аймақты қосу – Қашықтағы IP мекенжайы немесе аймақ жергілікті жүйе мен қашықтағы мекенжай / аймақ арасындағы барлық желілік қосылымдарды анықтайтын жаңа ережелер параметрі ретінде пайдаланылады. Егер белгілі бір құрылғыға немесе желімен біріккен құрылғылар тобына қолданылатын шараларды көрсеткіңіз келсе, осы опцияны қолдануға болады.

Бағдарламаға арналған ережелердің ең көп саны – Егер бағдарлама басқа порт арқылы түрлі IP мекенжайларына, т.б. байланысатын болса, үйрену режиміндегі брандмауэр осы бағдарлама үшін сәйкес ережелер санын жасайды. Бұл параметр бір бағдарлама үшін жасалуы мүмкін ережелердің санын шектеуге рұқсат береді.