Апта сайын компьютерді қарап шығуды жоспарлау әдісі
Тұрақты тапсырманы жоспарлау үшін негізгі бағдарлама терезесін > Құралдар > Жоспарлағыш тармағын басыңыз. Төменде жергілікті дискілерді әр апта қарап шығатын тапсырманы жоспарлау әдісі туралы қысқаша нұсқаулық берілген. Толығырақ нұсқаулар бойынша Білім қоры мақаласын қараңыз.
Қарап шығу тапсырмасын жоспарлау үшін:
- Жоспарлағыштың негізгі терезесіндегі Тапсырма қосу түймешігін басыңыз.
- Ашылмалы мәзірде Шығу тармағын таңдаңыз.
- Тапсырма атауын енгізіп, Тапсырманың апта сайынғы жиілігі параметрін таңдаңыз.
- Тапсырма орындалатын күн мен уақытты орнатыңыз.
- Жоспарланған тапсырма кез келген себеппен іске қосылмаса (мысалы, компьютер өшірілген болса), тапсырманы кейінірек орындау үшін Тапсырманы мүмкіндігінше тез орындау параметрін таңдаңыз.
- Жоспарланған тапсырманың қорытындысын қарап шығып, Дайын түймешігін басыңыз.
- Мақсаттар ашылмалы мәзірінен Жергілікті дискілер опциясын таңдаңыз.
- Тапсырманы қолдану үшін Дайын түймешігін басыңыз.