Анықтама және қолдау
Орын алуы мүмкін мәселелерді шешуге көмектесетін қолдау ақпараты мен ақауларды жою құралдарын көрсету үшін негізгі бағдарлама терезесіндегі Анықтама және қолдау түймешігін басыңыз.
Орнатылған өнім
- ESET Endpoint Security Туралы – ESET Endpoint Security бағдарламасының көшірмесі туралы ақпаратты көрсетеді.
- Өнімнің ақауларын жою – Бұл сілтемені ең жиі кездесетін мәселелердің шешімдерін табу үшін басыңыз.
- Лицензия ақауларын жою – Бұл сілтемені белсендіруге немесе лицензияны ауыстыруға қатысты мәселелердің шешімдерін табу үшін басыңыз.
- Лицензияны өзгерту — Белсендіру терезесін ашу және өнімді белсендіру үшін басыңыз.
Анықтама беті – ESET Endpoint Security анықтама беттерін ашу үшін осы сілтемені басыңыз.
Білім базасы – ESET білім қоры жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын және әр түрлі мәселелердің ұсынылған шешімдерін қамтиды. ESET техникалық мамандары үнемі жаңартатын білім қоры әр түрлі мәселелерді шешуге арналған өте қуатты құрал болып табылады.