Уақытша IP мекенжай қара тізімі
Белгілі бір уақыт кезеңінде байланысты блоктау мақсатында шабуыл көзі ретінде анықталған және қара тізімге қосылған IP мекенжайларын көру үшін, ESET Endpoint Security ішінен Орнату > Желі > Уақытша IP мекенжайларының қара тізімі тармағына өтіңіз. Уақытша блокталған IP мекенжайлары 1 сағатқа блокталады.
Бағандар
IP мекенжайы - блокталған IP мекенжайын көрсетеді.
Блоктау себебі - мекенжайдан тыйым салынған шабуыл түрін көрсетеді (мысалы, TCP портын қарап шығу шабуылы).
Уақыт бітті - мекенжайдың қара тізімдегі аяқталу уақыты мен күнін көрсетеді.
Басқару элементтері
Жою - мерзімі аяқталғанша мекенжайды қара тізімнен жою үшін басыңыз.
Барлығын жою - барлық мекенжайларды қара тізімнен бірден жою үшін басыңыз.
Қиыс жағдай қосу — IDS сүзгілеуіне брандмауэр ерекшелігін қосу үшін басыңыз.