HIPS ережені басқару
Бұл — пайдаланушы анықтаған және HIPS жүйесінде автоматты түрде қосылған ережелердің тізімі. Ереже жасау және HIPS әрекеттері туралы қосымша мәліметтерді HIPS ережелерінің параметрлері тарауында табуға болады. Әрі Жалпы HIPS қағидасы бөлімін қараңыз.
Бағандар
Ереже – Пайдаланушылық немесе автоматты түрде таңдалған ереже аты.
Қосылған — Егер ережені тізімде сақтағыңыз келсе, бірақ оны пайдаланғыңыз келмесе, бұл опцияны ажыратыңыз.
Әрекет — Ереже шарттарға сай болған кезде орындалу қажет әрекетті көрсетеді — Рұқсат ету, Блоктау немесе Сұрау.
Көздер – Ереже оқиға осы қолданба(лар) арқылы іске қосылса ғана пайдаланылады.
Нысаналар – Ереже әрекет нақты файлға, қолданбаға немесе тізбе жазбасына қатысты болса ғана пайдаланылады.
Журнал жүргізу қатаңдығы: – Осы опцияны белсендірсеңіз, осы ереже туралы ақпарат HIPS журналына жазылады.
Хабарлау – Оқиға басталса, төменгі оң бұрышта хабарландыру пайда болады.
Басқару элементтері
Қосу – Жаңа ережені жасайды.
Өңдеу – таңдалған жазбаларды өңдеу мүмкіндігін береді.
Жою — Таңдалған жазбаларды алып тастайды.
HIPS ережелерінің басымдығы
Жоғарғы/төменгі түймелермен HIPS ережелерінің басымдық деңгейін реттеу опциялары жоқ (ережелер жоғарыдан төменге қарай орындалатын Брандмауэр ережелеріне сай).
- Жасалатын барлық ережелердің басымдығы бірдей
- Ереже неғұрлым нақты болса, басымдық соғұрлым жоғары болады (мысалы, белгілі бір қолданба ережесінің басымдығы барлық қолданбалардың ережесінен жоғарылау)
- HIPS ішінде сізге қолжетімді болмайтын басымдығы жоғары ережелер бар (мысалы, Self-defense анықтайтын ережелерді қайта анықтау мүмкін емес)
- Операциялық жүйені қатыруы мүмкін жасалатын ереже қолданылмайды (ең төмен басымдыққа ие болады)