ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Браузердегі хабарландыру

Қорғалған браузер өзінің ағымдағы күйі туралы браузердегі хабарландырулар және браузер жақтауының түсі арқылы хабардар етеді.

Браузердегі хабарландырулар оң жақтағы қойындыда көрсетіледі.

SB_BADGE

Браузердегі хабарландыруды кеңейту үшін ESET белгішесін ICON_SB_LOGO басыңыз. Хабарландыруды барынша кішірейту үшін хабарландыру мәтінін басыңыз. Хабарландыруды және жасыл браузер жақтауын жабу үшін, жабу белгішесін ICON_SB_CLOSE басыңыз.


note

Тек ақпараттық хабарландыру және жасыл браузер жақтауы ғана жабылуы мүмкін.

Браузердегі хабарландырулар

Xабарландыру түрі

Статус

Ақпараттық хабарландыру және браузердің жасыл жақтауы

Барынша қорғау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және браузердегі хабарландыру әдепкіде кішірейтілген күйде болады.

Ескерту және браузердің қызғылт-сары жақтауы

Қорғалған браузер маңызды емес мәселеге назар аударуыңызды талап етеді. Мәселе немесе шешім туралы қосымша ақпарат алу үшін браузердегі хабарландырудағы нұсқауларды орындаңыз.

Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі және браузердің қызыл жақтауы

Браузер қорғалмаған. Қорғаныстың белсенді екеніне көз жеткізу үшін браузерді қайта іске қосыңыз. Браузерде жүктеп алынған файлдармен қайшылықты шешу үшін Журнал файлдары > Қорғалған браузер бөлімін ашып, келесі жолы браузерді іске қосқанда тіркелген файлдардың жүктелмеуін қамтамасыз етіңіз. Мәселе шешілмесе, Білім базасы тарауындағы нұсқауларды орындау арқылы ESET техникалық қолдау қызметімен хабарласыңыз.