Алынбалы құрал
Компьютерге алынбалы құралдар (CD/DVD/USB/...) енгізілген кезде ESET Endpoint Security оларды автоматты түрде қарап шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Компьютер әкімшісі пайдаланушыларға сұралмаған мазмұн бар алынбалы құралды пайдалануына жол бермегісі келген кезде бұл пайдалы болуы мүмкін.
Алынбалы құрал енгізіліп, Сканерлеу опцияларын көрсету параметрі Кеңейтілген орнату > Анықтау механизмі > Зиянкес бағдарламаларды сканерлеу > Алынбалы құрал ішінде орнатуға болады, сонда мына диалог терезесі көрсетіледі:
Осы диалогтық терезе опциялары:
- Қазір қарап шығу – бұл алынбалы құралды қарап шығуды іске қосады.
- Сканерлемеу – Алынбалы ќђралды ќарап шыѓу мџмкін емес.
- Орнату – «Кеңейтілген орнату» терезесін ашады.
- Әрқашан таңдалған опцияны пайдалану – таңдалған болса, бірдей әрекет алынбалы құрал келесі рет қосылғанда орындалады.
Бұған қоса, ESET Endpoint Security бағдарламасында берілген компьютерде сыртқы құрылғыларды пайдалану ережелерін анықтауға мүмкіндік беретін «Құрылғыны басқару» функциясы бар. Құрылғыны басқару туралы толық мәліметтерді Құрылғыны басқару бөлімінен табуға болады.
Алынбалы құралды қарап шығу параметрлеріне кіру үшін Кеңейтілген орнату > Анықтау механизмі > Зиянды бағдарламаларды қарап шығу > Алынбалы құрал тармағын ашыңыз.
Алынбалы құралды енгізгеннен кейін орындалатын әрекет — Компьютерге алынбалы құрал құрылғысы (CD/DVD/USB) енгізілгенде орындалатын әдепкі әрекетті таңдаңыз. Алынбалы құралды компьютерге енгізгеннен кейін қалаған әрекетті таңдаңыз:
- Қарап шықпау — Ешбір әрекет орындалмайды және Жаңа құрылғы анықталды терезесі ашылмайды.
- Құрылғыны автоматты қарап шығу — Енгізілген алынбалы құрал құрылғысының компьютерді қарап шығуы орындалады.
- Құрылғыны мәжбүрлеп қарап шығу — Енгізілген алынбалы құрал құрылғысының компьютерді қарап шығуы орындалады, одан бас тарту мүмкін болмайды.
- Қарап шығу опцияларын көрсету – «Алынбалы құралды реттеу» бөлімін ашады.