Жаңарту параметрлері
ESET Endpoint Security Бағдарламасын тұрақты түрде жаңарту – компьютерде ең жоғарғы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең жақсы әдісі. Жаңарту модулі бағдарлама модульдерінің де, жүйе құрамдастарының да әрдайым жаңартылған күйде болуын қамтамасыз етеді.
Негізгі бағдарлама терезесінде Жаңарту командасын таңдау арқылы ағымдағы жаңарту күйін, соның ішінде соңғы сәтті жаңартудың күні мен уақытын көруге және жаңарту керектігін не керек еместігін анықтауға болады.
Автоматты жаңартулармен қоса қолмен жаңартуды іске қосу үшін Жаңартуларды тексеру түймешігін басуға болады.
Қосымша баптау > Жаңарту бөлімі жаңарту режимі, прокси серверіне кіру және LAN байланыстары сияқты қосымша жаңарту параметрлерін қамтиды.
Егер жаңартуда қиындықтар туындаса, жаңарту кэшін тазалау үшін Тазалау опциясын басыңыз. Егер бәрібір бағдарлама модульдерін жаңарта алмасаңыз, «Модульдерді жаңарту сәтсіз аяқталды» хабарының ақаулықтарын жою бөлімін қараңыз.
Кеңейтілген орнату > Жаңарту > Профильдер > Жаңартулар > Модуль жаңартулары ішіндегі Автоматты түрде таңдау опциясы әдепкі бойынша қосылады. Жаңартулар алу үшін ESET жаңарту серверін пайдаланған кезде бұны қалпында қалдырған жөн.
Оңтайлы жұмыс істеу үшін бағдарлама автоматты түрде жаңартылуы тиіс. Автоматты жаңарту Анықтама және қолдау > Өнімді белсендіру ішіне дұрыс лицензия кілті енгізілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Егер орнатудан кейін Лицензия кілті енгізбеген болсаңыз, мұны кез келген уақытта істей аласыз. Белсендіру туралы толық ақпарат алу үшін ESET Endpoint Security белсендіру бөлімін қараңыз.