Желінің түпнұсқалық растамасы – сервер конфигурациясы
Аутентификация процесін желіге қосылған, аутентификация керек кез келген компьютер/сервер орындай алады. ESET Authentication Server бағдарламасын клиент желіге қосылуға әрекет жасаған кез келген жағдайда түпнұсқалық растама үшін әрқашан қол жетімді боатын компьютерде/серверде орнату керек. ESET Authentication Server бағдарламасын орнату файлын ESET веб-торабынан жүктеуге болады.
«ESET Authentication Server» бағдарламасын орнатқаннан кейін диалогтық терезесі шығады (бағдарламаға Бастау > Бағдарламалар > ESET > ESET Authentication Server тармағын басып кіруге болады).
Түпнұсқалық растама серверін теңшеу үшін түпнұсқалық растама аймағының атауын, сервердің тыңдау портын (әдепкі – 80), әрі жалпы және жеке кілт жұбын сақтайтын орынды енгізіңіз. Одан кейін түпнұсқалық растама үрдісінде пайдаланылатын жалпы және жеке кілт жасаңыз. Жеке кілт серверде қалады, ал жалпы кілт брандмауэр параметрлерінде желіні реттеу кезінде «Желінің түпнұсқалық растамасы» бөлімінде клиенттік тарапта импортталуды қажет етеді.