ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

ERMM пәрмен жолы

Қашықтықтан бақылауды басқару командалық жол интерфейсінің көмегімен іске асырылады. Әдепкі ESET Endpoint Security орнатуы каталог ішіндегі Endpoint қолданбасында орналасқан ermm.exe файлын қамтиды: c:\Program Files\ESET\ESET Security.

Әкімші ретінде Пәрмен терезесін (cmd.exe) ашыңыз және аталған жолға өтіңіз (Пәрмен терезесін ашу үшін пернетақтадағы Windows пернесі мен R пернесін бірге басып, Іске қосу терезесіне cmd сөзін теріңіз және Enter пернесін басыңыз).

Пәрмен синтаксисі: ermm context command [options]

Журнал параметрлерінде әріптердің үлкен-кішілігі ескеріледі.

ermm

ermm.exe үш негізгі контекстті пайдаланады: Алу, Бастау және Орнату. Төмендегі кестеден пәрмендер синтаксисінің мысалдарын табуға болады. Қосымша опцияларды, параметрлерді және қолданыс мысалдарын көру үшін Пәрмен бағанындағы сілтемені басыңыз. Пәрмен сәтті орындалғаннан кейін шығыс (нәтиже) бөлігі көрсетіледі. Кіріс бөлігін көру үшін пәрмен жанына--debug параметрін қосыңыз.

Контекст

Пәрмен

Сипаттама

get

 

Өнімдер туралы ақпарат алу


қолданба ақпараты

Өнім туралы ақпарат алу


лицензия ақпараты

Лицензия туралы ақпарат алу


қорғау күйі

Қорғау күйін анықтау


журналдар

Журналдарды алу


қарап шығу ақпараты

Ағымдағы қарап шығу туралы ақпарат алу


конфигурация

Өнім конфигурациясын алу


жаңарту күйі

Жаңарту туралы ақпарат алу


белсендіру күйі

Соңғы белсендіру туралы ақпарат алу

start

 

Тапсырманы бастау


қарап шығу

Сұру бойынша қарап шығуды бастау


белсендіру

Өнімді белсендіруді бастау


өшіру

Өнімді белсенсіздендіруді бастау


жаңарту

Өнімді жаңартуды бастау

set

 

Өнім опцияларын орнату


конфигурация

Өнім конфигурациясын орнату

Әрбір пәрменнің шығыс нәтижесінде көрсетілетін алғашқы ақпарат нәтиже идентификаторы болып табылады. Нәтиже туралы ақпаратты жақсырақ түсіну үшін төмендегі идентификаторлар кестесін қараңыз.

Қате идентификаторы

Қате

Сипаттама

0

Success


1

Command node not present

Кіріс json мәнінде «Пәрмен» түйіні жоқ

2

Command not supported

Пәрменге қолдау көрсетілмейді

3

General error executing the command

Пәрменді орындау кезіндегі қате

4

Task already running

Сұралған тапсырма орындалуда және ол басталмады

5

Invalid parameter for command

Пайдаланушы енгізген жазба жарамсыз

6

Command not executed because it's disabled

RMM модулі кеңейтілген параметрлерде іске қосылмаған немесе ол әкімші ретінде басталмаған