Вебке кіруді қорғау
Интернетке қосылу мүмкіндігі – жеке компьютерлердегі стандартты мүмкіндік. Өкінішке орай, ол, сонымен бірге, зиянды кодты тасымалдаудың негізгі құралына айналды. «Веб-қатынасты қорғау» опциясы веб-браузерлері мен қашықтағы серверлердің арасындағы байланысты қадағалау арқылы жұмыс істеп, «HTTP» (Гипермәтінді беру протоколы) және «HTTPS» (шифрланған байланыс) ережелеріне бағынады.
Зиянкес мазмұн бар екені белгілі веб-беттерге қатынас мазмұн жүктелмей тұрып блокталады. Барлық басқа веб-беттерді жүктелгенде ThreatSense қарап шығу механизмі қарап шығады және зиянкес мазмұн анықталса блокталады. Веб қатынасты қорғау екі қорғау деңгейін ұсынады: қара тізім бойынша блоктау және мазмұн бойынша блоктау.
«Вебке кіруді қорғау» опциясын қосу қатаң ұсынылады. Бұл опцияға Орнату > Интернетті қорғау > Веб-қатынасты қорғау тармағына өту арқылы ESET Endpoint Security бағдарламасының негізгі терезесінен кіруге болады.
Веб-сайт блокталған кезде вебке кіруді қорғау браузерде мына хабарды көрсетеді:
ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін: |
Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Веб-қатынасты қорғау тармағында келесі опциялар қол жетімді:
Негізгі — Кеңейтілген орнату ішінен осы мүмкіндікті қосу не өшіру үшін.
Веб-протоколдар — Интернет браузерлерінің көбісі пайдаланатын осы стандартты протоколдар үшін бақылауды конфигурациялау мүмкіндігін береді.
URL мекенжайларын басқару — Блокталатын, рұқсат етілетін немесе тексеруге қосылмайтын белгілі бір URL мекенжайларын көрсету мүмкіндігін береді.
ThreatSense параметрлер – Вирусты қарап шығу құралын кеңейтілген реттеу – қарап шығатын нысандардың түрлері (электрондық хабарлар, мұрағаттар, т.б.), интернетке қатынасты қорғауға арналған анықтау әдістері, т.б. сияқты параметрлерді конфигурациялауға мүмкіндік береді.