ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Жаңарту айнасы

ESET Endpoint Security сізге желідегі басқа жұмыс станцияларды жаңарту үшін пайдалануға болатын жаңарту файлдарының көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді. «Айнаны», яғни жаңарту файлдарының көшірмесін жергілікті желі ортасында жасау ыңғайлы, өйткені жаңарту файлдарын жеткізушінің жаңарту серверінен әр жұмыс станциясы арқылы қайталап жүктеу қажет емес. Жаңартулар жергілікті айна серверіне жүктеледі, содан кейін барлық жұмыс станцияларына таратылады, осылайша ықтимал желі трафигінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермейді. Клиенттік жұмыс станцияларын айнадан жаңарту желінің жүктеу теңдестігін оңтайландырады және интернетке қосылу тармақтарын сақтайды.


warning

Жаңарту айнасы Windows жүйесіне арналған ESET Endpoint Security өнімімен бір буынды жұмыс орындарын жаңарту үшін пайдалануға болатын жаңарту файлдарының көшірмелерін жасайды (мысалы, ESET Endpoint Security Windows 10.x нұсқасы үшін тек ESET Endpoint Antivirus Windows үшін және ESET Endpoint Security Windows жүйесіне арналған 10.x нұсқасы үшін жаңарту файлдарын жасайды).


note

ESET PROTECT көптеген клиенттерді басқару үшін пайдаланылатын желілердегі интернет трафигін барынша азайту үшін клиентті айна ретінде конфигурациялауды емес, ESET Bridge пайдалануды ұсынамыз. ESET Bridge өнімін ESET PROTECT қолданбасымен бірге "барлығы біреуде" орнату құралын пайдаланып немесе жеке компонент ретінде орнатуға болады. ESET Bridge, Apache HTTP проксиі, айна құралы және тікелей қосылым мүмкіндігі арасындағы қосымша ақпарат пен айырмашылықтар бойынша ESET PROTECT онлайн анықтама бетінқараңыз.

Жергілікті айна серверінің конфигурация опциялары Жаңарту опциясындағы «Кеңейтілген орнату» ішінде орналасқан. Бұл бөлімге қатынасу үшін F5 пернесін басып «Кеңейтілген орнату» опциясына кіріңіз, Жаңарту > Профильдер тармағын басыңыз және Жаңарту айнасы қойыншасын таңдаңыз.

CONFIG_UPDATE_MIRROR

Клиенттік жұмыс станциясында айнаны жасау үшін Жаңарту айнасын жасау параметрін қосыңыз. Бұл опцияны қосу басқа айна конфигурациясы опцияларын іске қосады, мысалы, жаңарту файлдарына қатынасу жолы және айна файлдардың жаңарту жолы.

Жаңарту файлдарына қатынасу

HTTP серверін қосу — Егер қосулы болса, жаңарту файлдарына HTTP арқылы қатынасуға болады, тіркелгі деректері қажет болмайды.

Айна серверіне қатынасу әдістері Айнадан жаңарту бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталады. Айнаға қатынасудың екі негізгі әдісі бар — жаңарту файлдары бар қалтаны ортақ желілік қалта ретінде көрсетуге болады немесе клиенттер HTTP серверінде орналасқан айнаға қатынасуға болады.

Айна үшін жаңарту файлдарын сақтауға арналған қалта Айна файлдар сақталатын қалта бөлімінде анықталады. Басқа қалтаны таңдау үшін Тазалау пәрменін баысп, алдын ала анықталған қалтаны C:\ProgramData\ESET\ESET Endpoint Security\mirror жойыңыз және жергілікті компьютерде немесе ортақ желілік қалтада қалтаға өту үшін Өңдеу пәрменін басыңыз. Егер көрсетілген қалта үшін түпнұсқалықты растау қажет болса, Пайдаланушы аты және Құпия сөз өрістерінде түпнұсқалықты растау деректерін енгізу керек. Егер таңдалған мақсатты қалта Windows NT/2000/XP амалдық жүйесі орнатылған желілік дискіде орналасқан болса, көрсетілген пайдаланушы аты мен құпия сөз таңдалған қалталар үшін артықшылықтарға ие болуы тиіс. Пайдаланушы аты Домен/пайдаланушы немесе Жұмыс тобы/пайдаланушы форматында енгізілуі тиіс. Сәйкес құпиясөзді енгізуді ұмытпаңыз.