ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

ESET CMD

Бұл — кеңейтілген ecmd пәрмендерін қосатын мүмкіндік. Сіз пәрмен жолын (ecmd.exe) пайдаланып параметрлерді экспорттай және импорттай аласыз. Қазіргі дейін параметрлерді тек GUI арқылы экспорттау мүмкін боолатын. ESET Endpoint Security конфигурацияны .xml файлына экспорттауға болады.

ESET CMD пәрмен жолын қосқаннан кейін екі авторизациялау әдісі қолжетімді болады:

  • Жоқ - авторизациясыз. Бұл әдісті пайдалану ұсынылмайды, өйткені ол кез келген қол қойылмаған конфигурацияны импорттауға мүмкіндік береді. Бұл ықтимал қауіп болып табылады.
  • Кеңейтілген реттеудің құпиясөзі – .xml файлынан конфигурацияны импорттау үшін құпиясөз керек, бұл файлға қол қойылған болуы керек (төменде .xml конфигурация файлына қол қою туралы ақпаратты қараңыз). Жаңа конфигурацияны импорттау алдында Қатынасты реттеу ішінде көрсетілген құпиясөзді көрсету керек. Қатынасты реттеу қосылмаған болса, құпиясөз сәйкес емес болса немесе .xml конфигурация файлына қол қойылмаған болса, конфигурация импортталмайды.

ESET CMD Қосылғаннан кейін ESET Endpoint Security конфигурацияларын импорттау немесе экспорттау үшін пәрмен жолын пайдалануға болады. Мұны қолмен жасауға немесе автоматтандыру мақсатында сценарий жасауға болады.


important

Кеңейтілген ecmd пәрмендерін пайдалану үшін оларды әкімші артықшылықтарымен іске қосу немесе Әкімші ретінде іске қосу пәрменін пайдаланып Windows пәрмен жолын (cmd) ашу керек. Олай етпесеңіз, Error executing command хабарын аласыз. Сондай-ақ, конфигурацияны экспорттағанда межелі қалта бар болуы керек. Экспорттау пәрмені ESET CMD параметрі өшірулі кезде де жұмыс істейді.


note

Кеңейтілген ecmd пәрмендерін тек жергілікті іске қосуға болады. ecmd пәрмендерін кідіртуді тек клиент тапсырмасының Іске қосу пәрмені арқылы ESET PROTECT құралын пайдаланып орындауға болады.


example

Параметрлерді экспорттау пәрмені:
ecmd /getcfg c:\config\settings.xml

 
Параметрлерді импорттау пәрмені:
ecmd /setcfg c:\config\settings.xml

.xml конфигурация файлына қол қою:

  1. XmlSignTool орындалатын файлын жүктеп алыңыз.
  2. Windows пәрмен жолын (cmd) Әкімші ретінде іске қосу пәрменін пайдаланып ашыңыз.
  3. Сақтау орнына өтіңіз xmlsigntool.exe
  4. .xml конфигурация файлына қол қою пәрменін орындаңыз, пайдалану: xmlsigntool /version 1|2 <xml_file_path>

important

/version параметрінің мәні ESET Endpoint Security нұсқасына байланысты. 7-нұсқа және кейінгі нұсқалары үшін /version 2 пайдаланыңыз.

  1. XmlSignTool сұрағанда Кеңейтілген реттеу құпиясөзін енгізіңіз және қайта енгізіңіз. .xml конфигурация файлына енді қол қойылды және оны басқа ESET Endpoint Security данасында құпиясөз авторизация әдісін пайдаланатын ESET CMD арқылы импорттау үшін пайдалануға болады.

example

Экспортталған конфигурация файлына қол қою пәрмені:
xmlsigntool /version 2 c:\config\settings.xml

ecmd_xmlsigntool


note

Қатынасты реттеу құпиясөзі өзгерсе және бұрын ескі құпиясөзбен қол қойлыған конфигурацияны импорттағыңыз келсе, ағымдағы құпиясөзді пайдаланып .xml конфигурация файлына қайтадан қол қою керек. Бұл импорттау алдында ESET Endpoint Security орнатылған басқа компьютерге экспорттамастан ескірек конфигурация файлын пайдалануға мүмкіндік береді.


warning

Авторизациясыз ESET CMD мүмкіндігін қосу ұсынылмайды, өйткені бұл кез келген қол қойылмаған конфигурацияны импорттауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың рұқсат етілмеген өзгертуін болдырмау үшін Кеңейтілген орнату > Пайдаланушы интерфейсі > Қатынасты реттеу тармағында құпиясөзді орнатыңыз.

ecmd пәрмендерінің тізімі

ESET PROTECT клиентінің Тапсырманы орындау пәрменімен жеке қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосуға және уақытша өшіруге болады. Пәрмендер саясат параметрлерін қайта анықтамайды және пәрмен орындалғаннан кейін немесе құрылғы қайта жүктелгеннен кейін кідіртілген параметрлер бастапқы күйіне келтіріледі. Бұл мүмкіндікті қолдану үшін пәрмен жолының атауы бірдей өрісте іске қосылуын көрсетіңіз.

Төменде әрбір қауіпсіздік мүмкіндігі пәрмендерінің тізімін қарап шығыңыз:

Қауіпсіздік мүмкіндігі

Уақытша тоқтату пәрмені

Қосу пәрмені

Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау

ecmd /setfeature onaccess pause

ecmd /setfeature onaccess enable

Құжатты қорғау

ecmd /setfeature document pause

ecmd /setfeature document enable

Құрылғыны басқару

ecmd /setfeature devcontrol pause

ecmd /setfeature devcontrol enable

көрсетілім режимі

ecmd /setfeature presentation pause

ecmd /setfeature presentation enable

Anti-Stealth технологиясы

ecmd /setfeature antistealth pause

ecmd /setfeature antistealth enable

Жеке брандмауэр

ecmd /setfeature firewall pause

ecmd /setfeature firewall enable

Желілік шабуылдан қорғау (IDS)

ecmd /setfeature ids pause

ecmd /setfeature ids enable

Ботнеттен қорғау

ecmd /setfeature botnet pause

ecmd /setfeature botnet enable

Веб басқару

ecmd /setfeature webcontrol pause

ecmd /setfeature webcontrol enable

Вебке кіруді қорғау

ecmd /setfeature webaccess pause

ecmd /setfeature webaccess enable

Электрондық пошта клиентін қорғау

ecmd /setfeature email pause

ecmd /setfeature email enable

Спамнан қорғау

ecmd /setfeature antispam pause

ecmd /setfeature antispam enable

Антифишингтік қорғау

ecmd /setfeature antiphishing pause

ecmd /setfeature antiphishing enable