Антифишингтік қорғау
Фишинг — әлеуметтік инженерияны (құпия ақпарат алу үшін пайдаланушылармен айла-шарғы жасау) пайдаланатын қылмыстық әрекет. Фишинг банк шотының нөмірлері, ПИН және т.б. сияқты сезімтал деректерге қол жеткізу үшін қолданылады. Қосымша мәлімет үшін глоссарийді қараңыз. ESET Endpoint Security бағдарламасы антифишингтік қорғауды қамтамасыз етеді және осы мазмұнды тарататын белгілі веб-сайттарды блоктайды.
Антифишингтік қорғау әдепкі бойынша қосылады. Бұл параметрге негізгі бағдарлама терезесінен > Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Антифишингтік қорғау арқылы кіруге болады.
ESET Endpoint Security бағдарламасындағы Антифишингтік қорғау туралы қосымша ақпарат алу үшін Білім қорының мақаласына кіріңіз.
Фишингті веб-сайтқа кіру
Танылған фишинг веб-сайтына кіргенде веб-браузеріңіз келесі диалогты көрсетеді. Веб-сайтқа бәрібір кіргіңіз келсе, Қауіпті елемеу сілтемесін басыңыз (ұсынылмайды).
Ақ тізімге қосылған ықтимал фишингті веб-сайттарға кіру, әдепкіге сай, бірнеше сағаттан соң аяқталады. Веб-сайтқа ұзақ уақытқа рұқсат беру үшін URL мекенжайын басқару құралын пайдаланыңыз. Кеңейтілен орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Веб-қатынасты қорғау > URL мекенжайын басқару > Мекенжайлар тізімі > Өңдеу түймешігін басыңыз, содан кейін қажет веб-сайтты тізімге қосыңыз. |
Фишингтік сайт туралы есеп беру
Есеп беру сілтемесі талдау үшін ESET компаниясына фишингтік/зиянкес веб-сайт туралы есеп беруге мүмкіндік береді.
ESET компаниясына жібермес бұрын мына шарттартын біріне не бірнешеуіне сай екендігін тексеріңіз:
|
Сондай-ақ, веб-сайтты электрондық пошта арқылы жібере аласыз. Электрондық пошта хабарын samples@eset.com мекенжайына жіберіңіз. Сипаттағыш тақырыпты пайдаланыңыз және мүмкіндігінше веб-сайт туралы толығырақ ақпарат (мысалы, веб-сайт мына мекенжайдан жіберілді, бұл веб-сайт туралы қайдан білдіңіз...) енгізіңіз.