Үлгілерді талдауға жіберу
Егер компьютеріңізде күдікті файл немесе Интернетте күдікті сайт тапсаңыз, оны талдау үшін ESET зерттеу зертханасына жіберуге болады (ESET LiveGrid® конфигурациясына қарай қолжетімді болмауы мүмкін).
Кем дегенде мына шарттардың біреуіне сай болмаса, үлгіні жібермеңіз:
|
Үлгіні жіберу осы әдістердің біреуімен файлды не сайтты талдау үшін ESET компаниясына жіберу мүмкіндігін береді:
- Үлгіні жіберу диалогтық терезесін Құралдар > Үлгіні талдауға жіберу тармағында табуға болады.
- Оның орнына файлды электрондық пошта арқылы жіберуіңізге болады. Егер бұл опцияны дұрыс көрсеңіз, файл(дар)ды WinRAR/ZIP арқылы мұрағаттап, мұрағатты «infected» құпиясөзімен қорғаңыз да, оны samples@eset.com мекенжайына жіберіңіз.
- Спамды, спамның жалған ескертулерін немесе Веб басқару модулімен дұрыс санатталмаған веб-сайттарды хабарлау үшін, ESET білім базасы тарауын қараңыз.
Талдайтын үлгіні таңдау опциясын ашып, Үлгіні жіберу себебі ашылмалы мәзірінен хабарға ең сәйкес келетін сипаттаманы таңдаңыз:
- Күдікті файл
- Күдікті сайт (қандай да бір зиянкес бағдарламадан жұққан веб-сайт),
- Жалған қате файл (жұққан деп анықталған, бірақ жұқпаған файл),
- Жалған қате сайт
- Басқа
Файл/Сайт – Жіберу керек файлдың немесе веб-сайттың жолы.
Байланыс электрондық поштасы – Бұл байланыс электрондық поштасы ESET лабораториясына күдікті файлдармен бірге жіберіледі және талдау үшін қосымша ақпараттар қажет болса, байланысу үшін пайдаланылуы мүмкін. Байланыс электрондық поштасын енгізу міндетті емес. Оны бос қалдыру үшін Анонимді түрде жіберу опциясын таңдаңыз.
Сізден қосымша ақпарат қажет болмаса, ESET компаниясынан жауап алмайсыз. Күн сайын серверлерімізге жүздеген файлдар жіберіледі және барлық жіберілген файлдарға жауап беру мүмкін емес. Егер үлгі зиянды бағдарлама немесе веб-сайт болып шықса, оны анықтау келесі ESET жаңартуына қосылатын болады. |