Желіні қорғау параметрлерін конфигурациялау
Компьютерді желі ортасында қорғау үшін қосылған желілерді конфигурациялау керек. Ортақ пайдалануға мүмкіндік беру үшін желіні қорғау параметрлерін конфигурациялау арқылы басқа пайдаланушыларға компьютерге қатынасуға рұқсат етуге болады. Орнату > Желіні қорғау > Қосылған желілер тармағын басып, қосылған желі астындағы сілтемені басыңыз. Хабарландыруда таңдалған желіні сенімді ретінде конфигурациялау опциялары көрсетіледі.
Әдепкі бойынша, ESET Endpoint Security қолданбасы жаңа желі анықталған кезде Windows параметрлерін пайдаланады. Жаңа желі анықталған кезде диалогтық терезені көрсету үшін жаңа желілердің қорғаныс түрін Белгілі желілер ішінде «пайдаланушыдан сұрау» түріне өзгертіңіз. Желіні қорғау параметрлерін конфигурациялау компьютер жаңа желіге қосылған кезде орын алады. Сондықтан әдетте Сенімді аймақтарды анықтау қажет болмайды.
Желі қорғанысын конфигурациялау терезесінде таңдауға болатын екі желіні қорғау режимі бар:
- Иә – Сенімді желі үшін (үй немесе кеңсе желісі). Компьютеріңіз және компьютеріңізде сақталған ортақ файлдар басқа желі пайдаланушыларына көрінеді және жүйелік ресурстар желідегі басқа пайдаланушылар үшін қолжетімді. Қауіпсіз жергілікті желіге қатынасу кезінде осы параметрді пайдалану ұсынылады.
- Жоқ – Сенімсіз желі үшін (жалпыға қол жетімді желі). Жүйеңіздегі файлдар мен қалталар желідегі басқа пайдаланушылармен бөлісілмейді не көрінбейді және жүйелік ресурстарды бөлісу ажыратылады. Сымсыз желілерге қатынасу кезінде осы параметрді пайдалану ұсынылады.
Желіні дұрыс конфигурацияламау компьютерге қауіп төндіруі мүмкін. |
Әдепкі мәні бойынша, сенімді желіге жалғанған жұмыс станцияларына ортақ файлдарға және принтерлерге кіру мүмкіндігі беріліп, кіріс RPC байланысы қосылады, сондай-ақ, қашықтағы жұмыс үстелін ортақ пайдалану мүмкіндігі де қолжетімді болады. |
Осы мүмкіндік туралы қосымша мәліметтер алу үшін ESET білім қорының келесі мақаласын оқыңыз: