Жоспарлағышта жаңа тапсырманы жасау әдісі
Құралдар > Жосарлағыш тармағында жаңа тапсырма жасау үшін Тапсырма қосу түймесін басыңыз немесе тінтуірдің оң жақ түймесін басып, контексттік мәзірден Қосу пәрменін таңдаңыз. Жоспарланған тапсырмалардың бес түрі бар:
- Сыртқы бағдарламаларды іске қосу – Сыртқы бағдарламаның орындалуын жоспарлайды.
- Жұрналды реттеу -Тіркеу файлдарында жойылған жазбалардың қалдықтары да бар. Бұл тапсырма тиімді жұмыс істеу үшін журнал файлдарындағы жазбаларды тұрақты түрде оңтайландырады.
- Жүйені іске қосу файлын тексеру – Жүйе іске қосылғанда немесе кіргенде іске қосылуына рұқсат етілген файлдарды тексереді.
- Компьютер күйінің суретін жасау – ESET SysInspector компьютер суретін жасайды – жүйе компоненттері (мысалы, драйверлер, бағдарламалар) туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жинайды және әр компоненттің қауіп деңгейін бағалайды.
- Талап бойынша компьютерді қарап шығу – Компьютердегі файлдар мен қалталарды қарап шығуды орындайды.
- Жаңарту – Модульдерді жаңарту арқылы «Жаңарту» тапсырмасын жоспарлайды.
Жаңарту – ең жиі пайдаланылатын жоспарланған тапсырмалардың бірі болғандықтан, төменде жаңа жаңарту тапсырмасын қосу әдісі түсіндірілген:
Жоспарланған тапсырма ашылмалы мәзірінде Жаңарту пәрменін таңдаңыз. Тапсырманың атын Тапсырма аты өрісіне енгізіп, Келесі түймесін басыңыз. Тапсырманың жиілігін таңдаңыз. Мына опциялар қол жетімді: Бір рет, Қайта-қайта, Күнде, Апта сайын және Оқиға басталған. Ноутбук батареядан жұмыс істегенде жүйе ресурстарын барынша аз пайдалану үшін Батареядан жұмыс істегенде тапсырманы өткізіп жіберу опциясын таңдаңыз. Тапсырма Тапсырманы орындау өрістерінде көрсетілген күн мен уақытта орындалады. Содан кейін, тапсырманы жоспарланған уақытта орындау немесе аяқтау мүмкін болмаса орындау керек әрекетті анықтаңыз. Мына опциялар қол жетімді:
- Келесі жоспарланған уақытта
- Мүмкіндігінше жылдам
- Соңғы орындаудан бергі уақыт көрсетілген мәннен асса, дереу (аралықты Соңғы орындаудан бергі уақыт жүгіртпесін пайдаланып анықтауға болады)
Келесі қадамда ағымдағы жоспарланған тапсырма туралы ақпарат бар жиынтық мәлімет терезесі көрсетіледі. Өзгертулер жасауды аяқтағаннан кейін Аяқтау түймесін басыңыз.
Жоспарланған тапсырма үшін пайдаланылатын профильдерді таңдауға мүмкіндік беретін диалогтық терезе көрсетіледі. Мұнда негізгі және баламалы профильді орнатуға болады. Баламалы профиль тапсырманы негізгі профильді пайдаланып аяқтау мүмкін болмаса пайдаланылады. Аяқтау түймесін басу арқылы растаңыз, сонда жаңа жоспарланған тапсырма қазіргі уақытта жоспарланған тапсырмалар тізіміне қосылады.