Желі
Желі бөлімі Кеңейтілген орнату ішіндегі мына компоненттерге не параметрлерге жылдам қатынасу мүмкіндігін береді:
- Желілік шабуылдаудан қорғау (IDS) — Желілік трафиктің құрамын талдайды және желілік шабуылдардан қорғайды. Зиянды деп есептелетін кез келген трафик блокталады. ESET Endpoint Antivirus қорғалмаған сымсыз желіге немесе қорғауы әлсіз желіге қосылғанда сізге хабарлайды.
- Ботнеттен қорғау – Жүйедегі зиянкес бағдарламаны жылдам және дәл анықтайды. Ботнеттен қорғауды түймесін басу арқылы белгілі бір уақыт кезеңіне өшіруге болады (ұсынылмайды).
- Уақытша IP мекенжайларының қара тізімі — Шабуылдар көзі ретінде анықталған және қосылымдарды белгілі бір уақыт кезеңіне блоктау мақсатында қара тізімге қосылған IP мекенжайлары тізімін қараңыз. Қосымша ақпарат бойынша осы опцияны басыңыз және F1 пернесін басыңыз.
- Ақаулықтарды жою шебері - ESET брандмауэры тудырған қосылым мәселелерін шешуге көмектеседі. Егжей-тегжейлі ақпаратты Ақаулықтарды жою шебері бөлімінен қараңыз.