ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Microsoft Outlook құралдар тақтасы

Microsoft Outlook қорғанысы қосылатын модуль ретінде жұмыс істейді. ESET Endpoint Antivirus бағдарламасын орнатқаннан кейін осы антивирустық/ қорғау опциялары Microsoft Outlook бағдарламасына қосылады:

– Белгішені басу ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының негізгі терезесін ашады.ESET Endpoint Antivirus

Хабарларды қайта қарап шығу - Электрондық поштаны тексеруді қолмен іске қосуға мүмкіндік береді. Тексерілетін хабарларды көрсетуге болады және алынған электрондық поштаны қайта қарап шығуды іске қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Электрондық пошта клиентін қорғау бөлімін қараңыз.

Қарап шығу құралының параметрлері - Электрондық пошта клиентін қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.