ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Лицензия аралығын тексеру

ESET Endpoint Antivirus қолданбасы ESET серверлеріне автоматты түрде қосылуы қажет. Бұл параметрді өзгерту үшін, Кеңейтілген орнату (F5) > Құралдар > Лицензия тармағына өтіңіз. Әдепкі бойынша, Аралықты тексеру опциясы Автоматты мәніне орнатылады және ESET License сервері өнімді сағат сайын бірнеше рет тексереді. Желі трафигі ұлғайған жағдайда артық жүктемені азайту үшін параметрлерді Шектелген мәніне өзгертіңіз. Шектелген мәні таңдалған кезде ESET Endpoint Antivirus лицензия серверін күніне тек бір рет немесе компьютер қайта іске қосылған кезде тексереді.


important

Егер Аралықты тексеру параметрі Шектелген мәніне орнатылса, ESET Business Account /ESET MSP Administrator арқылы орындалған лицензияға қатысты барлық өзгерістердің ESET Endpoint Antivirus параметрлеріне қолданылуы үшін бір күндей кетуі мүмкін.