Хабарларды қайта қарап шығу

Электрондық пошта клиенттерімен біріккен ESET Endpoint Antivirus құралдар тақтасы пайдаланушыларға электрондық поштаны тексеруге арналған бірнеше опцияны көрсету мүмкіндігін береді. Хабарларды қайта қарап шығу опциясы екі қарап шығу режимін ұсынады:

Ағымдағы қалтадағы барлық хабарлар – Ағымдағы көрсетулі қалтадағы хабарларды қарап шығады.

Тек таңдалған хабарлар – Тек пайдаланушы белгілеген хабарларды қарап шығады.

Қаралып қойған хабарларды қайта қарап шығу құсбелгісі пайдаланушыға алдында қарап шыққан хабарларды тағы бір қарап шығуды орындау опциясын береді.