Журналға жазу конфигурациясы

ESET Endpoint Antivirus Бағдарламасының журналға жазу конфигурациясына бағдарламаның негізгі терезесінен қатынасуға болады. Орнату > Кеңейтілген орнату > Құралдар > Журнал файлдары тармағын басыңыз. Журналдар бөлімі журналдар қалай басқарылатынын анықтау үшін пайдаланылады. Бағдарлама қатты дискіде бос орын сақтау үшін ескірек журналдарды автоматты түрде жояды. Журнал файлдары үшін келесі опцияларды көрсетуге болады:

Ең аз тіркеу мәліметтері – жұрналға енгізілетін оқиғалардың ең аз сөзбен толтыру деңгейін көрсетеді.

Диагностика – Бағдарламаны және жоғарыдағы барлық жазбаларды дәл реттеу үшін керек ақпаратты журналға тіркейді.

Ақпараттық – ақпараттық хабарларды, соның ішінде сәтті жаңарту хабарларын, сондай-ақ, барлық жоғарыдағы жазбаларды жазады.

Ескертулер - маңызды қателерді және ескерту хабарларын жазады.

Қателер – қателер, мысалы, «Файлды жүктеу қатесі» және маңызды қателер жазылады.

Күрделі – тек күрделі қателерді (антивирустық қорғауды, т.б қосатын қателерді) ғана журналға жазады.


note

«Диагностикалық» сөзбен толтыру деңгейін таңдасаңыз, барлық блокталған байланыстар жазылады.

(күндер) күннен бұрынғы жазбаларды автоматты түрде жою өрісіндегі көрсетілген күндер санынан бұрынғы журнал жазбалары автоматты түрде жойылады.

Журнал файлдарын автоматты түрде оңтайландыру – құсбелгі қойылған болса, пайыздық шама Егер пайдаланылмайтын жазбалардың саны (%) асса өрісінде көрсетілген мәннен жоғары болса, журнал файлдары автоматты дефрагментацияланады.

Журнал файлдарын дефрагментациялауды бастау үшін Оңтайландыру түймеcін басыңыз. Өнімділікті және журналды өңдеу жылдамдығын жақсарту үшін барлық бос журнал жазбалары жойылады. Бұл жақсартуды әсіресе журналдарда жазбалардың көп саны болса байқауға болады.

Мәтіндік протоколды қосу Журнал файлдарынан бөлек басқа файл пішімінде журналдарды сақтауды қосады:

Мақсатты каталог - журнал файлдары сақталатын каталогты таңдау (тек мәтін/CSV файлдарына қатысты). Жолды көшіруге немесе Clear (Тазалау) түймесін басу арқылы басқа каталогты таңдауға болады. Әр журнал бөлімінде алдын ала анықталған файл атауы бар жеке файлы бар (мысалы, журналдарды сақтау үшін кәдімгі мәтін файл пішімін пайдалансаңыз, virlog.txt файлы журнал файлдарының Анықталған қауіптер бөлімі үшін).

Түрі – егер Мәтін файл пішімін таңдасаңыз, журналдар мәтіндік файлда сақталады; деректер қойындылармен бөлінеді. Дәл осы үтірлермен бөлінген CSV файл пішіміне қатысты. Егер Оқиға опциясын таңдасаңыз, журналдар файлда емес, Windows оқиғалар журналында сақталады («Басқару тақтасы» ішінде «Оқиғаларды көру құралын» пайдаланып көруге болады).

Барлық журнал файлдарын жою – қазіргі уақытта Түрі ашылмалы мәзірінде таңдалған барлық сақталған журналдарды өшіреді. Журналдарды сәтті жою туралы хабарландыру көрсетіледі.

Аудит журналындағы конфигурация өзгерістерін бақылауды қосу — Әрбір конфигурация өзгерісі туралы хабарлайды. Қосымша ақпарат бойынша Аудит журналдары бөлімін қараңыз.


note

Мәселелерді жылдамырақ шешу үшін ESET компьютерден журналдарды беруді сұрауы мүмкін. ESET Log Collector қажет ақпаратты жинауды оңай етеді. ESET Log Collector туралы қосымша ақпарат алу үшін ESET білім қоры мақаласына кіріңіз.