Электрондық пошта клиентін қорғау

ESET Endpoint Antivirus Бағдарламасын электрондық пошта клиентімен біріктіру электрондық пошта хабарларындағы зиянкес кодтан белсенді қорғаудың деңгейін жоғарылатады. Егер электрондық пошта клиентіне қолдау көрсетілсе, біріктіруді ESET Endpoint Antivirus бағдарламасында қосуға болады. Электрондық пошта клиентіне біріктірілген болса, ESET Endpoint Antivirus құралдар тақтасы тікелей электрондық пошта клиентіне кірістіріліп, электрондық поштаны тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді. Біріктіру параметрлері Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Электрондық пошта клиентін қорғау > Электрондық пошта клиенттері тармағында орналасқан.

CONFIG_MAIL_MISC

Электрондық пошта клиентін біріктіру

Қазіргі уақытта қолдау көрсетілетін электрондық пошта клиенттеріне Microsoft Outlook, Outlook Express, Windows Mail және Windows Live Mail кіреді. Электрондық поштаны қорғау осы бағдарламаларға қосылмалы модуль ретінде жұмыс істейді. Қосылмалы модульдің басты артықшылығы – оның пайдаланылатын протоколды талғамайтыны. Электрондық пошта клиенті шифрланған хабарламаны алған кезде, оның шифры шешіледі және вирусты қарап шығу құралына жіберіледі. Қолдау көрсетілетін электрондық пошта клиенттерін және олардың нұсқаларының толық тізімін көру үшін, төмендегі ESET білім қоры мақаласын қараңыз.

Егер электрондық хабарларды шығарып алу кезінде жүйе баяуласа, Кіріс жәшігі мазмұны өзгертілгеннен кейін тексеруді өшіру опциясын қосыңыз.

Қарап шығарылатын электрондық пошта

Клиент плагиндерімен электрондық пошта қорғауын қосу — Өшірілген кезде электрондық пошта клиенті плагиндерімен қорғау өшіріледі.

Алынған электрондық хабар — Қосылған кезде алынатын электрондық хабарларды тексереді.

Жіберілген электрондық хабар — Қосылған кезде жіберілетін электрондық хабарларды тексереді.

Оқылған электрондық хабар — Қосылған кезде оқылатын электрондық хабарларды тексереді.


note

Клиент плагиндерімен электрондық пошта қорғауын қосу опциясын қосулы күйде сақтау ұсынылады. Тіпті біріктіру қосылмаса немесе жұмыс істемесе, электрондық пошта байланысы Протоколды сүзу (IMAP/IMAPS және POP3/POP3S) арқылы қорғала береді.

Вирус жұққан электрондық поштаға қатысты орындалатын әрекет

Әрекет жоқ – Егер қосылған болса, бағдарлама вирус жұққан тіркемелерді анықтайды, бірақ электрондық поштаны ешбір әрекет жасамастан сол күйінде қалдырады.

Электрондық поштаны жою – Бағдарлама пайдаланушыға инфильтрация(лар) туралы хабарлайды және хабарды жояды.

Электрондық поштаны «Жойылғандар» қалтасына жылжыту – Вирус жұққан электрондық хабарлар «Жойылғандар» қалтасына автоматты түрде жылжытылады.

Электрондық хабарды қалтаға жылжыту (әдепкі әрекет) — Вирус жұққан электрондық хабарлар көрсетілген қалтаға автоматты түрде жылжытылады.

Қалта – Анықталған кезде вирус жұққан электрондық хабарлар жылжытылатын теңшелетін қалтаны көрсетіңіз.

Жаңартудан кейін қарап шығуды қайталау — Қосылған кезде анықтау механизмі жаңартуынан кейін вирус жұққан электрондық хабарларды қайта қарап шығады.

Басқа модульдерден қарап шығу нәтижелерін қабылдау — Электрондық поштаны қорғау модуліне қайта қарап шықпай басқа қорғау модульдерінен алынған қарап шығу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін береді.