ESET Endpoint Antivirus – Мазмұны

Ықтимал зиянкес хакерлік бағдарламаның әрекеттері анықталды

Бұл интерактивті терезе ықтимал зиянкес хакерлік бағдарламаның әрекеттері анықталғанда пайда болады.

Ықтимал бопсалаушы бағдарлама әрекеті туралы хабарландыру

Файлға қатынасуға талпыныс жасаған қауіп табылды. Файл жойылды.

Бопсалаушы бағдарламаның өшірілгені туралы хабарландыру

ESET Endpoint Antivirus қолданба компьютердегі файлдарды күдікті жолмен өзгерте бастағанда процесті блоктайды. Қалпына келтірілген файлдарды қарау түймешігін бассаңыз, сәтті қалпына келтірілген файлдар тізімін көресіз.

Қалпына келтірілген файлдар туралы хабарландыру


Маңызды

Бопсалаушы бағдарламалардан қорғау дұрыс жұмыс істеуі үшін ESET LiveGrid® мүмкіндігін қосу керек.


Маңызды

Әрқашан Бопсалаушы бағдарламалардың салдарын түзету функциясын қосып қойыңыз. Ол құжаттарда сақтық көшірме жасау және шифрланған файлдарды анықтағаннан кейін соңында қалпына келтіру арқылы бопсалаушы бағдарламалардан қорғау мүмкіндігін жақсартады.


Мысал

Төмендегі әрекеттер компьютерді бопсалаушы бағдарламалардың енуінен қорғауға көмектеседі:

  • Шабуылдаушылардың деректеріңізді ұрлау мүмкіндігін азайту үшін, барлық маңызды деректеріңіздің сыртқы сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз.
  • Әрқашан операциялық жүйеңізді, ESET Endpoint Antivirus және басқа бағдарламаларды жаңартып отырыңыз.
  • Баспас бұрын ойланыңыз. Ендірілген зиянды бағдарламалардың болу ықтималдығының жоғары болуына байланысты белгісіз дереккөздерден келген электрондық хат тіркемелерін немесе сілтемелерді ешқашан басыңыз.
  • Электрондық пошта сенімді дереккөзден алынғанына көз жеткізбесеңіз, макростарға кез келген электрондық хат тіркемесінің мазмұнын көруге рұқсат етпеңіз.
  • Жалпыға қолжетімді Wi-Fi желісі арқылы интернетті пайдаланудың орнына VPN (виртуалды жеке желі) функциясын пайдаланыңыз.
  • Белгісіз дереккөздерден алынбалы тасығышты ешқашан пайдаланбаңыз.

Ескертпе

Қосымша ақпарат алу үшін, Бопсалаушы бағдарламалардың салдарын түзету бөлімін оқыңыз.