ESET Endpoint Antivirus – Мазмұны

Қайта бағыттау

Егер таңдалған толықтылық деңгейімен оқиға орын алса, ESET Endpoint Antivirus хабарландыру электрондық хабарларын автоматты түрде жібере алады. Электрондық пошта хабарландыруларын белсендіру үшін Кеңейтілген орнату > Пайдаланушы интерфейсі > Хабарландырулар > Жұмыс үстелі хабарландырулары > Электрондық поштаға қайта жіберу бөлімін ашып, Хабарландыруды электрондық поштаға қайта бағыттау опциясын іске қосыңыз.

Қайта жіберілген хабарландырулар – Электрондық поштаға қай жұмыс үстелі хабарландырулары қайта жіберілетінін таңдаңыз.

Қайта жіберудің кеңейтілген орнатылымы

Хабарландыруларға арналған ең аз мәлімет ашылмалы мәзірінен жіберілетін хабарландырулардың бастапқы маңыздылық деңгейін таңдауға болады.

  • Диагностика – Бағдарламаны және жоғарыдағы барлық жазбаларды дәл реттеу үшін керек ақпаратты журналға тіркейді.
  • Ақпараттық – ақпараттық хабарларды, соның ішінде сәтті жаңарту хабарларын, сондай-ақ, барлық жоғарыдағы жазбаларды жазады.
  • Ескертулер — Маңызды қателерді және ескерту хабарларын (мысалы, жаңарту сәтсіз аяқталды) жазады.
  • Қателер – Қателер (құжатты қорғау басталған жоқ) және маңызды қателер жазылады.
  • Маңызды – тек маңызды қателерді (мысалы, антивирустық қорғанысты белсендіру қатесі немесе қауіп анықталғаны туралы хабарды) журналға тіркейді.

Әр хабарландыруды бөлек электрондық хат жіберу – қосылған болса, алушы әр хабарландыру үшін жаңа электрондық хабар алады. Бұл қысқа уақыт ішінде көптеген электрондық хабарларды алуға әкелуі мүмкін.

Жаңа хабарландыру электрондық хабарлары жіберілетін аралық (мин) – өткеннен кейін жаңа хабарландырулар электрондық поштаға жіберілетін минуттар түріндегі аралық. Бұл мәнді 0 деп орнатсаңыз, хабарландырулар бірден жіберіледі.

Жіберушінің мекенжайы – Хабарландыру электрондық хабарларының тақырыбында көрсетілетін жіберушінің мекенжайын анықтау.

Алушы мекенжайлары – хабарландыру электрондық хаттарының тақырыбында көрсетілетін алушы мекенжайларын анықтау. Бірнеше мәнге қолдау көрсетіледі. Бөлгіш ретінде нүктелі үтірді пайдаланыңыз.

Жіберу әдісі — электрондық хаттарды SMTP немесе Microsoft 365 Outlook арқылы жіберуді таңдай аласыз.

arrow_down_businessSMTP сервері

arrow_down_business        Microsoft Entra ID