Кеңейтілген орнату (.msi)
Кеңейтілген орнату әдеттегі орнатуды орындау кезінде қол жетімді емес орнату параметрлерін теңшеуге мүмкіндік береді.
- Орнату кезінде Орнату қалтасын өзгертуге болады. ESET Endpoint Antivirus орнату орнын таңдаңыз. Әдепкі бойынша бағдарлама мына каталогқа орнатылады:
C:\Program Files\ESET\ESET Security\
Бағдарлама модульдері және деректер үшін орынды көрсетуге болады. Әдепкі бойынша, олар келесі каталогтарға орнатылады:
C:\Program Files\ESET\ESET Security\Modules\
C:\ProgramData\ESET\ESET Security\
Бұл орындарды өзгерту үшін Шолу пәрменін таңдаңыз.
- Орнатылатын өнім құрамдастарын таңдаңыз. Компьютерді қарап шығу параметрлерін және қолжетімді барлық қорғаныстарды таңдауға болады. Жаңарту айнасы құрамдасын желідегі басқа компьютерлерді жаңарту үшін пайдалануға болады. Қашықтан бақылау және басқару (RMM) — басқару қызметінің жеткізушісі қатынаса алатын жергілікті орнатылған агент арқылы бағдарламалық құрал жүйелерін қадағалау және басқару процесі.
- Орнату процесін бастау үшін Орнату опциясын басыңыз.