ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

IP жиынтықтары

IP жиынтығы – бірнеше Брутфорс шабуылынан қорғау ережелерінде бірдей мекенжайлар жиынтығын қайта пайдаланғанда ыңғайлы IP мекенжайларының бір логикалық тобын жасайтын IP мекенжайлар жинағы. ESET Endpoint Antivirus сондай-ақ ішкі ережелер қолданылатын алдын ала анықталған IP жиынтықтарын қамтиды. Осындай топтардың бір мысалы – Сенімді аймақ. Сенімді аймақ дегеніміз компьютеріңіз және компьютеріңізде сақталған ортақ файлдар басқа желі пайдаланушыларына көрінетін және жүйелік ресурстар желідегі басқа пайдаланушылар үшін қолжетімді болатын желі мекенжайларының тобы.

IP жиынтығын қосу үшін:

  1. Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге кіруден қорғау > IP жиынтықтары > Өңдеу бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу түймесін басып, аймақтың Атауы мен Сипаттамасын жазыңыз да, Қашықтағы компьютер мекенжайы (IPv4/IPv6, ауқым, бүркеніш) жолына қашықтағы IP мекенжайын жазыңыз.
  3. OK түймесін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін IP жиынтықтарын өңдеубөлімін қараңыз.