ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Алынбалы құрал

Компьютерге алынбалы құралдар (CD/DVD/USB/...) енгізілген кезде ESET Endpoint Antivirus оларды автоматты түрде қарап шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Компьютер әкімшісі пайдаланушыларға сұралмаған мазмұн бар алынбалы құралды пайдалануына жол бермегісі келген кезде бұл пайдалы болуы мүмкін.

Алынбалы құрал енгізіліп, Сканерлеу опцияларын көрсету параметрі Кеңейтілген орнату > Хабарландырулар > Интерактивті ескертулер > Өңдеу > Алынбалы құрал ішінде орнатуға болады, сонда мына диалог терезесі көрсетіледі:

AMON

Осы диалогтық терезе опциялары:

  • Қазір қарап шығу – бұл алынбалы құралды қарап шығуды іске қосады.
  • Сканерлемеу – Алынбалы ќђралды ќарап шыѓу мџмкін емес.
  • Орнату«Кеңейтілген орнату» терезесін ашады.
  • Әрқашан таңдалған опцияны пайдалану – таңдалған болса, бірдей әрекет алынбалы құрал келесі рет қосылғанда орындалады.

Бұған қоса, ESET Endpoint Antivirus бағдарламасында берілген компьютерде сыртқы құрылғыларды пайдалану ережелерін анықтауға мүмкіндік беретін «Құрылғыны басқару» функциясы бар. Құрылғыны басқару туралы толық мәліметтерді Құрылғыны басқару бөлімінен табуға болады.


Алынбалы құралды сканерлеу параметрлеріне қатынасу үшін Кеңейтілген орнату > Хабарландырулар > Интерактивті ескертулер > Өңдеу > Алынбалы құрал бөлімін ашыңыз.

Алынбалы құралды енгізгеннен кейін орындалатын әрекет — Компьютерге алынбалы құрал құрылғысы (CD/DVD/USB) енгізілгенде орындалатын әдепкі әрекетті таңдаңыз. Алынбалы құралды компьютерге енгізгеннен кейін қалаған әрекетті таңдаңыз:

  • Қарап шықпау — Ешбір әрекет орындалмайды және Жаңа құрылғы анықталды терезесі ашылмайды.
  • Құрылғыны автоматты қарап шығу — Енгізілген алынбалы құрал құрылғысының компьютерді қарап шығуы орындалады.
  • Құрылғыны мәжбүрлеп қарап шығу — Енгізілген алынбалы құрал құрылғысының компьютерді қарап шығуы орындалады, одан бас тарту мүмкін болмайды.
  • Қарап шығу опцияларын көрсету – «Алынбалы құралды реттеу» бөлімін ашады.