IDS ережелері
Кейбір жағдайларда Енуді анықтау қызметі (IDS) маршрутизаторлар немесе басқа ішкі желілік құрылғылар арасындағы байланысты ықтимал шабуыл ретінде анықтауы мүмкін. Мысалы, белгілі қауіпсіз мекенжайды IDS айналып өту мақсатында IDS аймағына қосылмаған мекенжайларға қосуға болады.
ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін: |
IDS ережелерін басқару
- Қосу — Жаңа IDS ережесін жасау үшін басыңыз.
- Өңдеу — Бар IDS ережесін өңдеу үшін басыңыз.
- Жою — Бар ерекшелікті IDS ережелері тізімінен жойғыңыз келген кезде таңдаңыз және басыңыз.
- Жоғарғы жағы/Жоғары/Төмен/Төменгі жағы — Ережелердің басымдық деңгейін реттеуге мүмкіндік береді (ерекшеліктер жоғарғы жақтан төменгі жаққа қарай бағаланады).
Ерекшеліктер қойыншасы әкімші IDS ерекшеліктерін ESET PROTECT On-Prem веб-консолінде жасаған кезде көрсетіледі. IDS ерекшеліктерінде тек рұқсат ету ережелері болуы мүмкін және IDS ережелерінен бұрын бағаланады.
Ережелер өңдегіші
Анықталған элемент — Анықталған элемент түрі.
Қауіп атауы — Кейбір қолжетімді анықталған элементтер үшін қауіп атауын көрсетуге болады.
Қолданба — басып, ерекшелік жасалған қолданба файлының жолын таңдаңыз (мысалы, C:\Program Files\Firefox\Firefox.exe). Қолданба атауын ЖАЗБАҢЫЗ.
Қашықтағы IP мекенжайы — Қашықтағы IPv4 немесе IPv6 мекенжайларының/ауқымдарының/ішкі желілерінің тізімі. Бірнеше мекенжай үтірмен бөлінуі тиіс.
Профиль — Осы ереже қолданылатын желілік қосылым профилін таңдауға болады.
Әрекет
Блоктау — Әр жүйелік процестің жеке әдепкі әрекеті және тағайындалған әрекеті (блоктау немесе рұқсат ету) болады. Әдепкі ESET Endpoint Antivirus әрекетін қайта анықтау үшін ашылмалы мәзір арқылы оны блоктауды немесе оған рұқсат етуді таңдауға болады.
Хабарлау — Иә опциясын таңдап, компьютердегі Жұмыс үстелінің хабарландырулары опциясын көрсетіңіз. Егер жұмыс үстелінің хабарландырулары қажет болмаса, Жоқ опциясын таңдаңыз. Қолжетімді мәндер — Әдепкі/Иә/Жоқ.
Тіркеу — Иә опциясын таңдап, оқиғаларды ESET Endpoint Antivirus журнал файлдарына тіркеңіз. Егер оқиғаларды тіркегіңіз келмесе, Жоқ опциясын таңдаңыз. Қолжетімді мәндер — Әдепкі/Иә/Жоқ.
Оқиға орын алған сайын хабарландыруды көрсетіп, журнал жинағыңыз келеді:
|
Қауіп деп есептемейтін анықталған элемент түрі үшін қайталанатын хабарландыруларды жойғыңыз келеді:
|