ERMM пәрмен жолы
Қашықтықтан бақылауды басқару командалық жол интерфейсінің көмегімен іске асырылады. Әдепкі ESET Endpoint Antivirus орнатуы каталог ішіндегі Endpoint қолданбасында орналасқан ermm.exe файлын қамтиды: c:\Program Files\ESET\ESET Security.
Әкімші ретінде Пәрмен терезесін (cmd.exe) ашыңыз және аталған жолға өтіңіз (Пәрмен терезесін ашу үшін пернетақтадағы Windows пернесі мен R пернесін бірге басып, Іске қосу терезесіне cmd сөзін теріңіз және Enter пернесін басыңыз).
Пәрмен синтаксисі: ermm context command [options]
Журнал параметрлерінде әріптердің үлкен-кішілігі ескеріледі.
ermm.exe үш негізгі контекстті пайдаланады: Алу, Бастау және Орнату. Төмендегі кестеден пәрмендер синтаксисінің мысалдарын табуға болады. Қосымша опцияларды, параметрлерді және қолданыс мысалдарын көру үшін Пәрмен бағанындағы сілтемені басыңыз. Пәрмен сәтті орындалғаннан кейін шығыс (нәтиже) бөлігі көрсетіледі. Кіріс бөлігін көру үшін пәрмен жанына--debug параметрін қосыңыз.
Контекст |
Пәрмен |
Сипаттама |
---|---|---|
get |
|
Өнімдер туралы ақпарат алу |
Өнім туралы ақпарат алу |
||
Лицензия туралы ақпарат алу |
||
Қорғау күйін анықтау |
||
Журналдарды алу |
||
Ағымдағы қарап шығу туралы ақпарат алу |
||
Өнім конфигурациясын алу |
||
Жаңарту туралы ақпарат алу |
||
Соңғы белсендіру туралы ақпарат алу |
||
start |
|
Тапсырманы бастау |
Сұру бойынша қарап шығуды бастау |
||
Өнімді белсендіруді бастау |
||
Өнімді белсенсіздендіруді бастау |
||
Өнімді жаңартуды бастау |
||
set |
|
Өнім опцияларын орнату |
Өнім конфигурациясын орнату |
Әрбір пәрменнің шығыс нәтижесінде көрсетілетін алғашқы ақпарат нәтиже идентификаторы болып табылады. Нәтиже туралы ақпаратты жақсырақ түсіну үшін төмендегі идентификаторлар кестесін қараңыз.
Қате идентификаторы |
Қате |
Сипаттама |
---|---|---|
0 |
Success |
|
1 |
Command node not present |
Кіріс json мәнінде «Пәрмен» түйіні жоқ |
2 |
Command not supported |
Пәрменге қолдау көрсетілмейді |
3 |
General error executing the command |
Пәрменді орындау кезіндегі қате |
4 |
Task already running |
Сұралған тапсырма орындалуда және ол басталмады |
5 |
Invalid parameter for command |
Пайдаланушы енгізген жазба жарамсыз |
6 |
Command not executed because it's disabled |
RMM модулі кеңейтілген параметрлерде іске қосылмаған немесе ол әкімші ретінде басталмаған |