Құпия сөзбен қорғалған параметрлер
Жүйеге барынша жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ESET Endpoint Antivirus дұрыс конфигурациялау қажет. Кез келген жарамсыз өзгеріс немесе параметр клиент қауіпсіздігінің және қорғаныс деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Пайдаланушының кеңейтілген параметрлерге қатынасын шектеу үшін әкімші параметрлерді құпия сөзбен қорғай алады.
Әкімші қосылған клиенттік компьютерлерде ESET Endpoint Antivirus үшін Кеңейтілген орнату параметрлерін құпия сөзбен қорғау саясатын жасай алады. Жаңа саясат жасау үшін:
- ESET PROTECT Веб-консолінде сол жақ негізгі мәзірдегі Саясаттар опциясын басыңыз.
- Жаңа саясат параметрін таңдаңыз.
- Жаңа саясатқа ат қойыңыз және қосымша оған қысқаша сипаттама беріңіз. Жалғастыру түймесін басыңыз.
- Өнімдер тізімінен Windows үшін ESET Endpoint параметрін таңдаңыз.
- Параметрлер тізіміндегі Пайдаланушы интерфейсі опциясын басыңыз және Қатынасты орнату опциясын кеңейтіңіз.
- ESET Endpoint Antivirus Нұсқасына сәйкес Параметрлерді қорғау құпия сөзі опциясын қосу үшін жүгірткі тақтасын басыңыз. ESET Endpoint өнімдерінің 7-нұсқасының кеңейтілген қорғауды ұсынатынын ескеріңіз. Егер желіде Endpoint өнімдерінің 7 және 6-нұсқаларының екеуі де болса, әрқайсысына әртүрлі құпия сөздермен бөлек саясаттар орнатуды ұсынамыз.
- Хабарландыру терезесінде жаңа құпия сөзді жасап, оны растаңыз және OK түймешігін басыңыз. Жалѓастыру тџймесін басыњыз.
- Саясатты клиенттерге тағайындаңыз. Тағайындау опциясын басыңыз және құпия сөзбен қорғалатын компьютерлерді немесе компьютерлер топтарын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
- Барлық қалаған клиенттік компьютерлердің мақсатты тізімде екенін тексеріңіз және Жалғастыру пәрменін таңдаңыз.
- Жиынтық мәліметтер бөліміндегі саясат параметрлерін қарап шығыңыз және жаңа саясатты сақтау үшін Аяқтау пәрменін таңдаңыз.