ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Анықтама беттері

ESET Endpoint Antivirus пайдаланушы нұсқаулығына қош келдіңіз. Мұнда берілген ақпарат сізді өніммен таныстырады және компьютеріңізді қауіпсізірек етуге көмектеседі.

Жұмысты бастау

ESET Endpoint Antivirus өнімін пайдалануды бастамас бұрын, бұл өнімді ESET PROTECT арқылы қашықтан басқаруға болатынын ескеріңіз. Әрі компьютерді пайдаланған кезде кездесуі мүмкін әр түрлі анықталған элемент түрлерімен және қашықтағы шабуылдармен танысып алған жөн.

Осы ESET Endpoint Antivirus нұсқасында ендірілген мүмкіндіктер туралы мәліметтер алу үшін жаңа мүмкіндіктерді қараңыз. Сондай-ақ, ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының негізгі параметрлерін орнатуға және реттеуге көмектесетін нұсқаулықты дайындалды.

ESET Endpoint Antivirus анықтама беттерін пайдалану әдісі

Анықтама бөлімдері бағдар мен мәтінмәнді қамтамасыз ету үшін бірнеше тарауға және ішкі тарауларға бөлінген. Қатысты ақпаратты анықтама беттерінің құрылымын шолу арқылы табуға болады.

Бағдарламадағы кез келген терезе туралы қосымша мәліметтер алу үшін F1 пернесін басыңыз. Қазір қарап оытрған терезеге қатысты анықтама беті шығады.

Анықтама беттерінде кілтсөз арқылы немесе сөздерді немесе сөз тіркестерін теру арқылы іздеуге болады. Осы екі әдістің арасындағы айырмашылық — мәтінінде белгілі бір кілтсөз жоқ анықтама беттеріне кілтсөздің логикалық түрде қатысты болуында. Сөздер мен сөз тіркестерімен іздеу барлық беттің мазмұнын іздеп, тек ізделген сөзді мен сөз тіркестерін қамтитындарын ғана көрсетеді.

Үйлесімділік үшін және шатасуды болдырмау үшін бұл нұсқаулықта пайдаланылған терминология ESET Endpoint Antivirus параметр атауларына негізделген. Сондай-ақ біз әсіресе қызық тақырыптарды ерекше бөліп көрсету үшін бірыңғай таңбалар жинағын пайдаланамыз.


note

Ескертпе — бар болғаны қысқаша бақылау. Өткізіп жіберуге болғанымен, ескертпелер арнайы мүмкіндіктер немесе бір қатысты бөлімге сілтеме сияқты құнды ақпаратты бере алады.


important

Бұл назар аударыңызды талап етеді, біз мұны өткізіп жібермеуге шақырамыз. Әдетте, ол сындарлы емес, бірақ маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.


warning

Бұл ақпарат ерекше көңіл бөлуді және сақтықты талап етеді. Ескертелер ықтимал зиянды қателер жасаудан ұстап қалу үшін арнайы орналастырылады. Ескерту жақшаларында орналастырылған мәтінді оқыңыз және түсініңіз, өйткені ол өте сезімтал жүйелік параметрлерге немесе қауіпті бірдеңеге қатысты.


example

Бұл — белгілі бір функцияны немесе мүмкіндікті пайдалану әдісін түсінуге көмектесетін пайдалану жағдайы немесе тәжірибе жүзіндегі мысал.

Шартты белгі

Мағынасы

Қалың түр

Жолақтар және опция түймелері сияқты интерфейс элементтерінің атаулары.

Көлбеу түр

Сіз беретін ақпараттың толтырғыштары. Мысалы, файл атауы немесе жол файлдың нақты жолын немесе атауын теретініңізді білдіреді.

Courier New

Код үлгілері немесе пәрмендер.

Еренсілтеме

Айқас сілтеме жасалған тақырыптарға немесе сыртқы интернеттегі орынға жылдам және оңай қатынасты қамтамасыз етеді. Еренсілтемелер көк түспен бөлектеледі және асты сызылуы мүмкін.

%ProgramFiles%

Windows жүйесінде орнатылған бағдарламалар сақталатын Windows жүйелік каталогы.

Онлайн анықтама — анықтамалық мазмұнның негізгі көзі. Жұмыс істейтін интернет байланысы болғанда онлайн анықтаманың соңғы нұсқасы автоматты түрде көрсетіледі.