ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

URL бүркенішін қосу әдісі

Қалаған мекенжайды/домен бүркенішін жазу алдында осы диалогтық терезедегі нұсқауларды қараңыз.

ESET Endpoint Antivirus бағдарламасы пайдаланушыға көрсетілген веб-тораптарға қатынасты бұғаттауға және Интернет браузерінің олардың мазмұнын көрсетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тексерілетіндер қатарынан алып тасталуы керек мекенжайларды көрсетуге болады. Егер қашықтағы сервердің толық атауы белгісіз болса немесе пайдаланушы қашықтағы серверлердің бүкіл тобын көрсеткісі келсе, мұндай топты анықтау үшін бүркеніштерді пайдалануға болады. Бүркеніштер «?» және «*» таңбаларын қамтиды:

  • бір таңбаны алмастыру үшін ? таңбасын пайдаланыңыз
  • бір мәтін жолын алмастыру үшін * таңбасын пайдаланыңыз.

Мысалы, *.c?m барлық мекенжайларға қолданылады, мұнда соңғы бөлік c әрпімен басталады, m әрпімен аяқталады және олардың арасында белгісіз таңбаны (.com, .cam, т.б.) қамтиды.

Мысалы, *x? бүркеніші атауының соңынан бастағанда екінші таңбасы x болып табылатын кез келген мекенжайды білдіреді. Бүкіл доменді сәйкестендіру үшін оны *.domain.com/* пішімінде жазыңыз. Бүркеніш құрамындағы http://, https:// протокол префиксін көрсету міндетті емес. Егер ол көрсетілмесе, бүркеніш кез келген протоколға сәйкес келе береді. Алдындағы «*.» тізбегі домен атауының басында пайдаланылса ерекше қарастырылады. Бірінше, * қойылмалы таңбасы бұл жағдайда қиғаш сызық таңбасына («/») сәйкес емес. Бұл бүркенішті айналып өтуді болдырмауға арналған, мысалы, *.domain.com бүркеніші http://anydomain.com/anypath#.domain.com сәйкес болмайды (мұндай суффикс кез келген URL мекенжайына жүктеуге әсер етпестен бекітілуі мүмкін). Екіншіден, «*.» сонымен бірге осы ерекше жағдайда бос жолға сәйкес келеді. Бұл бір бүркенішті пайдаланып тоылқ доменге, соның ішінде, кез келген ішкі домендерге сәйкестендіруге мүмкіндік беруге арналған. Мысалы, *.domain.com бүркеніші http://domain.com мекенжайына да сәйкес келеді. *domain.com дегенді пайдалану дұрыс болады, өйткені бұл сонымен бірге http://anotherdomain.com дегенге сәйкес болатын еді.


important

Ақпарат пен ескертулерді тіркеу туралы егжей-тегжейлі ақпарат тек домен ішінде қойылмалы таңбасыз кемінде екі компоненттен тұратын ережелер үшін ғана қолжетімді. Мысалы:

  • *.domain.com/*
  • *www.domain.com/*