Қосылу мүмкіндігі
Нақты желілерде прокси-сервер компьютер мен интернет арасындағы байланыстырушы элемент бола алады. Егер прокси-серверді пайдаланып жатсаңыз, келесі параметрлерді анықтауыңыз қажет. Әйтпесе, ESET Endpoint Antivirus және оның модульдері автоматты түрде жаңартылмайтын болады. ESET Endpoint Antivirus ішінде прокси серверін орнату мүмкіндігі Кеңейтілген орнатудың екі түрлі бөлімінде қолжетімді.
Ғаламдық прокси-сервер параметрлерін Кеңейтілген орнату > Қосылу мүмкіндігі > Прокси-сервер бөлімінде конфигурациялауға болады. Прокси серверді осы деңгейде көрсету ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының ғаламдық прокси сервер параметрлерін анықтайды. Мұндағы параметрлерді интернетке қосылымды қажет ететін барлық модульдер пайдаланады.
Ғаламдық прокси-сервердің параметрлерін орнату үшін Прокси-серверді пайдалану мүмкіндігін іске қосыңыз және Прокси сервердің мекенжайын прокси серверінің Порт нөмірімен бірге теріңіз.
Егер прокси-сервермен байланыс түпнұсқалық растаманы қажет етсе, Прокси-сервер түпнұсқалықты растауды қажет етеді құсбелгісін қойып, сәйкес өрістерге жарамды Пайдаланушы аты мен Құпия сөзді енгізіңіз. Прокси-сервер параметрлерін автоматты түрде анықтау және толтыру үшін Прокси-серверді анықтау опциясын басыңыз. Операциялық жүйеңізде прокси параметрлерін табу үшін, Windows + I пернелер тіркесімін басып, Желі және интернет > Прокси-сервер түймешігін басыңыз. ESET Endpoint Antivirus Internet Explorer немесе Google Chrome браузеріне арналған интернет параметрлерінде көрсетілген параметрлерді көшіріп алады.
Прокси-сервер параметрлерінде пайдаланушы атын және құпия сөзді қолмен енгізу керек. |
Прокси қолжетімді болмаса, тікелей байланысты пайдалану — Егер ESET Endpoint Antivirus қолданбасы прокси арқылы қосылуға конфигурацияланған болса және проксиге қол жеткізу мүмкін болмаса, ESET Endpoint Antivirus проксиді айналып өтеді және тікелей ESET серверлерімен байланысады.
Прокси-сервер параметрлерін сонымен қатар Кеңейтілген орнату > Жаңарту > Профильдер > Жаңартулар > Байланыс опциялары бөлімінде Прокси-сервер арқылы қосылу пәрменін Прокси-сервер режимі ашылмалы мәзірінен таңдау арқылы конфигурациялауға болады. Бұл конфигурация тек жаңартуларға ғана қолданылады және модуль жаңартуларын алыс жерлерден қабылдайтын ноутбуктер үшін ұсынылады. Қосымша ақпарат алу үшін Кеңейтілген жаңарту параметрлері бөлімін қараңыз.